Лақтырудың түрлерімен тәжірибелер. Дене шынықтыру, 4 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру пәні
CАБАҚ ЖОСПАРЫ №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:1-бөлім: Жүгіру, секіру және лақтыру. Ортақ тақырып: Менің Отаным – Қазақстан. | Мектеп: | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы: | Лақтырудың түрлерімен тәжірибелер. | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.2.1 Дене дамуына ықпал ететін түрлі жүйелі жаттығулар мен қозғалыстарды орындау сапасын арттыруды түсіну және көрсету. | |||||||
Сабақ мақсаттары | Дене дамуына ықпал ететін лақтыру бойынша қозғалыстарды, тапсырмаларды жүйелі орындау және реттілігін көрсету. | |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Тілдік мақсаттар | Сыныптағы оқушыларға түсінікпен, пәннің мазмұнымен жұмыс істеуге қажетті тілді қамтамасыз ету, талдау жасауға қажетті фразалар;
| |||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзінің және өзгелердің физикалық қасиеті мен жетістіктеріне құрмет пен әділдік сезімі дамыған сенімді тұлға және әлеуметтік жауапты азамат болуға қажетті дағдыларды ықпалдастыру; | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, дүние тану. | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану. Допты лақтырудың интернет-ресурсы: http://sportwiki.to/%D0%A2%D0%B5%D1%85%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B0_%D0%BC%D0%B5%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%8F_%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%BE_%D0%BC%D1%8F%D1%87%D0%B0 | |||||||
Бастапқы білім | Оқушылар жүгіру, секіру және лақтыру техникасын, кейбір үйлестіру қабілеттерін дамытады және дене шынықтыру сабағы кезінде жарақат алудан сақтану шараларына назар аударады. | |||||||
Жоспарлардағы әрекеттер | Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі ҚБ = қалыптастырушы бағалау Т = топтық жұмыс Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 15 минут | (Б) Оқытушы сыныпта жарақаттанудың алдын алу мақсатында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізеді. Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Адымның ұзындығына көңіл бөу. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Жаттығуларды барынша біркелкі реттілікті сақтап орындау, қандай да бір бұлшық еттің, буынның қозғалысына тиімді әсер ету. Жаттығуларды негізгі бөлім бойынша арнайы бағытта орындату. Арнайы қозғалыстар үшін әр түрлі бұлшық еттерді дайындау жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату. | Үлкен, бос ойын кеңістігі. Мұғалімге ысқырық, секундомер. | ||||||
Сабақтың ортасы 20 мин | (Б, ЖЖ, Тәж) Оқушылар жұптарда теннис добымен жұмыс істейді. Жұптарда теннис добын лақтыру
Екпін алып лақтыру. (Б, Ж, ҚБ) «МЕРГЕНДЕР». Командалар лақтыру сызығынан 1,5-2 м қашықтықта сапқа тұрады, әр қатысушының қолында 2 шағын доптан болады. Лақтыру сызығынан 5-8 м қашықтықта нысана орналасдаы. Сигнал бойынша ойыншылар лақтыру сызығына шығады және нысанаға 2 рет лақтырады. Жақсы нәтиже көрсеткен, яғни нысанаға көбірек тигізген команда жеңеді. Нысана ретінде гимнастикалық бөренеде немесе басқа да биіктікте орнатылған шоқпарды, кегли, допты; қабырғаға бекітілетін диаметрі 60—80—100 см шеңбер пішінді қалқан нысананы; бірнеше шеңебрі және сандық белгілері (3-2-1) бар қалқанша нысананы пайдалануға болады. | Үлкен кең ойын кеңістігі, бор, өлшеуіш құралдары, конустар, теннис добы. Үлкен кең ойын кеңістігі, бор, конустар. Командалардың санына байланысты 2,3 нысана, теннис добы. | ||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. Кері байланыс. Сабақ соңында білім алушылар рефлексия жүргізіледі: Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім бірлескен, жекелеген тапсырмалар кезінде, әдеттегі қателерге назар аударады анықтамалар береді. Білім алушылар таңдаған белгілі тапсырмаларда балалардың қызығушылықтарын қолдап, оңтайлы қозғалыс дағдыларына әдістер ұсынылады. | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | ||||||
Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау. Бірлескен тапсырмалардың мағынасын ашу. Орындалуын сапасын, анықтау. Қабілеті жоғары оқушылар қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету. | Білім алушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Дағдыларын дамытуға ынталану. Қозғалыс әрекеттерін белсендендіру. Жаттығулар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. | Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі тапсырмалардың орындалуына, күрделендіруге байланысты қойылған. Оқушылар оқу мақсатының мағынасын анықтап, белсенді түрде ынталанып, әр түрлі деңгейлі тапсырмалардың орындалуына қол жеткізді. Әр тапсырмаға, ойынға бөлінген уақыт жеткілікті болды. Әр түрлі деңгейдегі жаттығулардың орындалу нұсқаларын бақылау, саралау, қозғалыс үйлесімділігін, техника ережесін назарда ұстау. Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді. Жекелеген оқушыларға үйлесімділігін, дағдысын қалыптастыруға тапсырмалар берілді, әр түрлі деңгейдегі қимыл-қозғалыстар қарастырылды. | |||||||
Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Жүйелі жаттығулар жинағына, қозғалыс әрекеттерінің шартына, ойынның мағынасына, сапасына көңіл бөлу. Топтың деңгейін, ынтымақтастық белсенділігін анықтау. 2: Әр-түрлі қозғалыс дағдыларының орындалу үйлесімділігінің сақталуы. Өзін-өзі, дене өзгерістерін бақылау. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Саралап, деңгейлі тапсырмалар беру. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Тапсырмалардың, ойындардың және жаттығулардың айырмашылығы, нұсқаларының күрделілігі. 2: Негізгі дене жаттығуларының орындалу үйлесімділігі. Әр-түрлі қозғалыс дағдыларының мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив) Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Сыныптың белсенділігін, ынтымағын ұстану. Негізгі дене жаттығуларын орындалуына, әр-түрлі қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға тапсырмалар беру, ұсыну, әдістерін қарастыру. Лақтыру әдістері бойынша сұрақтар қою.Танымдылығын дамыту. | ||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру