Денсаулық. Дене белсенділігі жаттығулары. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 8 бөлім: Денсаулық және фитнес

Мектеп:

Күні:

Мұғалім аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Денсаулық. Дене белсенділігі жаттығулары

Оқу мақсаты:

11.3.3.3. Жаттығулардың жеке бағдарламасын әзірлеу және енгізу үшін энергетикалық жүйелер мен жаттығулардың қарқындылығын қарастыру

Сабақ мақсаты:

Оқушылар өз жаттығуларын әзірлеп, енгізуді үйренеді

Бағалау критерийі:

Энергетикалық жүйелер мен жаттығулардың қарқындылығын қарастырады және жаттығулардың жеке бағдарламасын әзірлейді және енгізеді

Тілдік мақсат:

Оқытудың тілдік мақсаты

Оқушылар жасай алады:

Салауатты өмір салты үшін қозғалыс белсенділігінің мәнін түсіндіру және талдау.

Пәндік лексика және терминология

Қамтиды:

* салауатты өмір салты

* жүрек жиырылу жиілігі

* бұлшық ет топтары

* қозғалыс белсенділігі

* физикалық қасиеттері (күш, төзімділік, жылдамдық, икемділік))

* қашықтық (қысқа, орташа, ұзын)

* орнынан ұзындыққа секіру

* үш секіру

* биіктікке секіру

* итергіш аяғы

* лақтыру

Диалог / хат үшін пайдалы фразалар

Талқылау үшін сұрақтар:

  • * өмір салты денсаулыққа қандай әсер етеді?
  • * жасөспірім ағзасына дене жүктемесі қандай әсер етеді?
  • * қауіпсіздік ережелерін бұзудың қандай салдарларын білесіз?
  • * сіз берілген қарқын уақытын әрдайым қолдандыңыз ба?
  • * жүгіру тапсырмалары сіз үшін өте күрделі тапсырма болды ма?
  • * жеңіл атлетика сабағында фитнестің барлық компоненттерін неге дамыту керек?
  • * қандай әдіс лақтыруда ең тиімді?

 Құндылықтарды

арттыру:

Сүйіспеншілік, оқу арқылы білуге құмарлық, шығармашылық және сыншылдығы оқытылатын материалға тұрақты дамуы, өзінің физикалық жай-күйі, ақыл, қарым-қатынастар мен сипаты. Оқушылардың өз бетінше білім алуына, жылы қарым-қатынасқа ықпал ететін дағдылар мен іскерлікті дамыту, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру және конструктивті тәсілді дамыту, өзара қарым-қатынасты құру кезінде сыни ойлай білу

Пән аралық байланыс

Биология-бұлшықеттердің шаршауы.

Физика-бұлшықеттердің динамикалық жұмысы.

АКТ қолдану дағдылар:

Ноутбук (және проектор) көмегімен мақсаттарды көрсету, бағалау критерийі және дескрипторлар. Әр түрлі жаттығуларды орындау кезінде оқушылар бір-бірін бейнекамераға және телефон арқылы (өзі және өзара бағалау) қарап шығу және орындау техникасын жақсарту үшін шеше алады.

Алдыңғы білім:

Оқушылардың денсаулығы мен фитнес туралы білімі бар, алдыңғы сыныптардан, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта алған жеңіл атлетика дағдыларын біледі. Оқушылар осы бөлімде қолданылатын физикалық қасиеттері мен қозғалыс қабілеттерін дамытады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

10 минут

Мұғалім оқушыларды қарсы алады.

Қауіпсіздік ережесін қайталайды.

Оқушыларға сұрақ қоя отырып, оларды сабақ тақырыбымен, оқыту мақсаттарымен, және дескрипторлармен таныстырады.

Жаттығу жолдары: аяқтың ұшымен, өкшеде, табанның сыртқы жағы, табанның ішкі жағы.

Жаттығу жүгіру: 3-5 мин.

Бұлшықеттерді сабақта алдағы жүктемеге дайындау үшін жалпы дамыту жаттығулары.

Үлкен, еркін кеңістік.

Ноутбук, проектор.

Конустар.

Мұғалім үшін ысқырық.

Сабақтың ортасы

25 минут

(Ж, К, Қ)Оқушылар арнайы жүгіру жаттығулары туралы бейнероликті көреді. Осы бейнематериалдарды талқылайды, негізгі жаттығуларды жазып алады, содан кейін жұпта қысқа қашықтыққа жүгірер алдында жаттығуларды әзірлейді.

Дескрипторлар:

- жаттығуларды әзірлеуге белсенді қатысады;

- әзірленген жаттығуларды орындау техникасын түсіндіреді және көрсетеді;

- жаттығуларды орындау барысында Қ.Е. сақтайды .

(Ж, Ө). Оқушылар жұптарға бөлініп, бөлек старттан 1-1, 5 метрде бір-бірінен "Дақ" ойынын ойнайды. Тапсырма -30 м қашықтықта жүгіруші серіктесін қуып жетіп, әріптесін озып кету.

Дескрипторлар:

- төменгі сөренің техникасы мен фазаларын дұрыс орындайды (старт, старттық екпін, дистанциядан жүгіру және финиширлеу);

- жүгіру ережесін бұзбайды (фальстарт және т. б.);

- жүгіру барысында Қ. Е. сақтайды .

(Ж, Ө). Оқушылар жұптасып,бір-біріне 1-1, 5 метр қашықтықта орналасады. Әрбіреуінде гимнастикалық таяқ, таяқты алаңға сүйеніп, тігінен ұстап тұру керек, Сигнал бойынша өз таяқшасын қалдырып, алаңға құлап кеткеннен бұрын серіктесінің таяқшасын ұстап алу керек.

Нұсқа: жұп арасындағы қашықтықты арттыру Дескрипторлар:

- өз таяқшасын босатып, мұғалім сигналы бойынша серіктесінің таяқшасына жүгіруге;

- өзінің оң жағындағы серіктесінің таяқшасына жүгіру;

- жүгіру барысында Т. Б. сақтайды .

.

Әр жаттығу үшін үлкен, еркін кеңістік.

Ысқырық, секундомер.

Жаттығуға арналған Ресурс:

https://www.youtube.com/watch?v=1Vkbw69yQ4g

Жабдықтар: ноутбук, қалам, дәптер.

Әр жаттығу үшін үлкен, еркін кеңістік.

Ысқырық, оқушылардың таңдауы бойынша спорттық жабдықтар.

Құрал-жабдықтар: фишкалар, бор, нығыздалған доптар, рулетка.

Жылдамдықты дамыту ресурсы:

https://www.youtube.com/watch?v=CNTi9xgfUks&nohtml5=False

Сабақтың аяқталуы

5 мин

Қорытындылау:

Мұғалім сабақтың жағымды жақтарын атап өтеді

Рефлексия: "аяқталмаған ұсыныстар".

Бүгін мен білдім…

Менде жақсы болды…

Қиындық тудырды…

Оқушылар рефлексивті карточкаларды толтырады.

Мұғалім үй тапсырмасын береді:

- таңертеңгілік гимнастика, сығу, денені арқаға жатып 90С көтеру.

Мұғалім оқушыларға ұйымдастырылған жұмыс үшін алғыс білдіреді. Қоштасу, спорттық залдан шығу.

Рефлексивті карточкалар

Бағалау парақтары

Қосымша ақпарат

Дифференциация-сіз көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз неғұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоясыз?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Деңсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Негізгі жүктемені орындағаннан кейін күрделі тапсырмалар беру (оқушылар арасындағы қашықтықты арттыру)

Тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескрипторлар бойынша жұптарда өзара баға беруді және әр түрлі жүгіру жағдайларында кері байланыс жасай отырып, мұғалімді бағалауды ұсынады.

ҚЕ ережелерін қайталау.

Оқушылар жүгіру жағдайы кезінде қатерлерді түсінеді және алаңдағы ойыншылармен соқтығысуды болдырмауға тырысады.

Сабақ бойынша Рефлексия

Сабақтың мақсаты / мақсаты шынайы болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс өткізілді ма?

Сабақтың уақытша кезеңдері өтті ма?

Сабақтың жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге:

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу