Қауіпсіздік ережесі. Тапсырма арқылы дене шынықтыру компоненттерін дамыту. Дене шынықтыру, 4 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім: Шаңғы/кросс/ коньки даярлық негіздері.

Ортақ тақырып: Табиғи құбылыстар.

III -тоқсан

Күні:

Мектеп:

Сынып: 4

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы:

Қауіпсіздік ережесі. Тапсырма арқылы дене шынықтыру компоненттерін дамыту.

Оқу мақсаттары

4.3.4.1 денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру үшін тиісті реакцияларды таңдау және қолдану.

4.3.3.1 дене қимылдарын орындау кезінде немесе орындағаннан кейін белгілі бір физикалық өзгерістерді көру үшін бірқатар бақылау стратегияларын қолдану.

Сабақ мақсаттары

Қауіпсіздік ережесімен таныстыру, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтау және еңсеру амалдарын қолдану. Топтық тапсырмалар арқылы денсаулықты нығайту жаттығуларын кешенді орындау. Кростық дайындық арқылы төзімділік, дене шынықтыру компоненттерін дамыту.

Бағалау критерийлері

  • Дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды және еңсеру үшін тиісті амалдарды ұтымды пайдаланады.
  • Дене шынықтыру компоненттерін орындағанда физикалық өзгерістерге бейімделген және бақылау стратегияларын қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқудың тілдік мақсаты.

Білім алушылар:

Денсаулық, тыныс алу.

Пәндік лексика және терминология.

Мыналарды қамтиды:

  • тынығу сәтіндегі тамырдың соғуы;
  • жұмысшы пульс, қалпына келу сәтіндегі тамырдың соғуы.

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықта неге бағыну керектігін айта аласың ба?

  • жүрек-қан тамырлар жүйесі туралы түсінікті қалыптастыру.

Құндылықтарды дарыту

Салауатты өмір салтына дағдылануды жоспарлы орындау, сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, жауапкершілікті сезіну, жан-жақты білім алуға дайын болу;

Пән аралық байланыс

Қазақ тілі, дүние тану.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану. Дене жүктемелері кезінде организмдегі функционалдық өзгерістер жөніндегі ресурс: http://studme.org/180602034082/meditsina/funktsionalnye_izmeneniya_organizme_pri_fizicheskih_nagruzkah

Бастапқы білім

Бұл бөлімде оқушыларға денсаулықты нығайтуға көмектесетін сергітудің, сонымен қатар жалпы дене жүктемелердің кең спектрін ұсынып, денсаулық және аман-есендік маңыздылығы талданады.

Жоспарлардағы әрекеттер

С = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі

ҚБ = қалыптастырушы бағалау Т = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақ кезендері

Сабақтағы іс-әрекеттер

Құрал-жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

10 минут

) Оқытушы сыныпта жарақаттанудың алдын алу мақсатында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізеді.

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин.

Оқушыларды қатарға тұрғызу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақтың оқу мақсатын және сабақ мақсатын түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Мұғалімді мұқият тыңдау.

Қатардағы жаттығулар . Оңға бұрылу. Солға бұрылу. Бір қатардан екі қатарға тұру. Екі қатардан бір қатарға тұру. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Оңға бұрылып оң иық алға жүру. Жүрісті сол аяқтан бастауларына көңіл аудару.

Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. 1.Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен. Алақан бір-біріне қарайды, шынтақ түзу. 2.Қол желкеде, өкшемен жүру. Кеуде түзу, шынтақтардың арасын ашу.3. Қол белде, табанның сыртымен, ішімен жүру. Тізе түзу, басты тік ұстау.4. Қол белде, жартылай отырып жүру. Кеуде түзу, басты тік ұстау.5. Қол тізеде, толық отырып жүру. Кеудені көтеріп, асықпай қозғалу. Аяқтарды сілкіп, босаңсытып қалыпқа келтіру.

Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. 1.Қол белде, оң бүйірмен тіркеме адыммен.2. Қол белде, сол бүйірмен тіркеме адыммен .3. Арқамен алдыға жүгіру. Сол иықтан алдыға қарау.Тұра жүгіру. 4.Тізені жоғары көтеріп жүгіру. Қол алдыда. 5.Аяқты артқа бүгіп, сермей жүгіру. Қол артта. 6.Аяқты алдыға сермеп жүгіру. Қол белде. Тізені түзу ұстау. 7.Аяқты түзу артқа сермеу. Қол желкеде. 8. Оң бүйірмен қайшылап адымдау. 9.Сол бүйірмен қайшылып адымдау. Қолды еркін ұстау.10.Оң аяқпен секіру. 11.Сол аяқпен секіру. Тура және ирелеңдеп, бағыт өзгертіп жүгіру. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Қолды жоғары көтеріп тынысты ішке алып, төмен түсіріп тынысты сыртқа шығару.

Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. 1. Басты оңға, солға айналдыру. Көзді жұмбау. 2.Оң, сол қолды жоғары көтеріп артқа сермеу. Шынтақты түзу ұстау.3. Қолды біріктіріп, оңға солға жантаю. Шынтақты түзу ұстау. 4.Қол желкеде, кеудені оңға, солға бұру.5. Белді оңға, солға айналдыру.6. Оң, сол аяққа, ортаға еңкейю. Аяқтың арасы иық деңгейімен қою.7. Оң сол аяққа жанға ауысып отыру. 8.Алдыға , артқа, оң сол, аяққа ауысып отыру. Кеуде түзу, басты тік ұстау. 9.Оң сол аяқпен 10 рет, екі аяқпен 20 рет секіру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Кросс даярлығындағы денсаулықты нығайту, қозғалмалы әрекеттерді құруға арналған бұлшық еттерді қыздыру жаттығуларын қайталату. Аяқ, қол буындарына арналған жаттығулар кешенін орындау. Білім алушылармен «Айна» ойыны әдісі арқылы ЖДЖ орындау кезінде бір біріне түсіндіре сөйлеу арқылы, қалай орындалуы жайында жеткізу.

Үлкен, бос ойын кеңістігі. Нұсқама жүргізуді есепке алу журналы.

Мұғалімге ысқырық, секундомер.

Сабақтың ортасы

25 минут

(С,Т,ҚБ) Оқушылар сергітуге арналған жаттығулар кешенін орындайды.

- Жылдамдықты аздап арттыра отырып шапшаңдатылған адыммен қозғалады

- Оң, сол аяқпен секіреді.

- Оң, сол қапталға адым жасап секіреді.

- Оң, сол аяқпен қарғып секіреді.

- Тынысты қалпына келтіру жаттығуларымен жүріске ауысады.

1. Б. қ. қолды екі жанға қойып, алға-артқа 4 рет айналдыру

2. Б. қ. оң қол жоғарыда, сол қол төменде, 2 реттен қолдың қалпын ауыстыру

3. Б. қ. екі қол кеуде тұста, бүгілген, әр адым сайын шынтақты екі жаққа ашу

4. Б. қ. екі қол белде, сол аяқпен адым - екі қол сол жақ табанда, оң аяқпен адым - екі қол оң жақ табанда

5. Б. қ. екі қол белде, аяқ бүгілген

6. Б. қ. екі қолды кеуде деңгейінде алға созып, әр адым сайын аяқты сермеу

Дене жаттығуларын орындағаннан кейін сергіту мен қалыпқа келу техникасының маңыздылығын талдаңыз.

Кросс дайындығы: (Б, Т) «Көшбасшыларды ауыстыру». Сынып күштері тең 3 – 4 топтарға бөлінеді. Оқушылар келтірілген қашықтықты жүгіріп өту тапсырмасын алады. Мұғалімнің сигналы бойынша алдында жүгіріп келе жатқан оқушы (көшбасшы) ырғағын баяулатады және жүгірушілердің бүкіл тобын алдыға жібереді (өзінен оң жақта), содан кейін жүгіріп бара жатқан жолдастарының артына қосылады. Жаңа сигнал бойынша көшбасшыларды қайтадан ауыстырады. Көшбасшыларды ауыстыру аралығын мұғалім өзі анықтайды және оқушыларға хабарлайды. Мұғалім балаларға оңай қол жетімді болатындай, әр топ үшін жүгіру ырғағын да алдын ала белгілейді. 300 метрден бастайды және біртіндеп қашықтық ұзындығын 600 м (қыздар ) және 700 м (ұлдар) дейін жеткізеді. Ойынды стадионда да, аймақта да жүргізуге болады.

(С,Ж,К) Оқушылар ашық жерде басқалармен жүгіру кезінде негізгі қауіпсіздік талаптарын қарастырады.

Олар әр түрлі бағыттарға жүгіреді. Ысқырық естілісімен олар бағыттарын өзгертеді. 2-3 минут жүгірген соң оқушылардан жүрек соғысын тексеруді сұраңыз.

(С,Т) Сергітудің маңыздылығын және қалпына келтіру техникасын талдаңыз. Тамыр соғуын ұлғайтатын жаттығулар идеяларын талқылаңыз және бөлісіңіз. Тыныштық күйіндегі сіздің тамыр соғысын өлшеңіз және оны жазып қойыңыз. Демалу сәтіндегі тамыр соғуы: (ЧСС) сіз толығымен тыныштық күйінде болғанда, бір минуттағы соққылар саны. Сергітуді орындаңыз (5 минут тоқтамай). Содан кейін сіздің жұмысшы пульсіңізді өлшеңіз. Жұмысшы пульс: (ЧСС) сіз жұмыс істеп жатқандағы (яғни айналысып) соққылар саны. Үш минуттан соң қалпына келу кезеңінде өзініңдің тамыр соғысыңызды өлшеңіз.

Қалпына келу тамыр соғысы: (ЧСС) дене жаттығуы аяқталғаннан кейін үш минуттан соң сіздің жүрегіңіз қалай соғады.

Кросс дайындығы бойынша қауіпсіздік ережелерінің нұсқаулығы: http://life4health.ru/tehnika-bezopasnosti-pri-bege-kak-ne-nado-begat/

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік

Жаттығудың басталғанын және аяқталғанын жариялау үшін мұғалімге ысқырық.

Ойындарға арналған үлкен, бос кеңістік.

Мұғалімге арналған ысқырық, бор

Сабақтың соңы:

5 минут

Рефлексия. Кері байланыс. Сабақ соңында білім алушылармен рефлексия жүргізіледі: Кросс даярлығындағы бірлескен, жекелеген тапсырмалар кезінде, әдеттегі қателерге назар аударады анықтамалар береді. Білім алушылар таңдаған белгілі тапсырмаларда балалардың қызығушылықтарын қолдап, оңтайлы қозғалыс дағдыларына әдістер ұсынылады.

Үйге тапсырма

Дене қабілеттерін дамыту, төзімділік жаттығуларын орындау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Белсенділік және төзімділік сапаларына мән беру. Физикалық жүктемелер барысында күшті дұрыс жұмсауды ұстану, барынша тапсырманың мағынасын ашу, төзімділікті дамыту. Кросс даярлығы және физикалық белсенділік бойынша жалпылау. Қабілеті жоғары білім алушылар төзімділік тапсырмаларын қайталап, сынып алдында дағдыларын өз бетінше көрсету, дене белсенділігіне көңіл бөлу. Тапсырмалардың деңгейлерін күрделендіру, орындалу нұсқаларын ұсыну.

Білім алушылардың өз бетінше физикалық жүктемелермен белсенді жұмыс істеуі, өзіне тән тәсілдерін байқап көру, орындау амалдары ұсыну. Қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру амалдарын қолдана білу. Тапсырмалар барысында күшті дұрыс жұмсауына, дұрыс тыныс алуына баса назар аудару. Физикалық жүктемелер барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. Өзін-өзі бағалау, басқа орындаушылардың сапасына баға беру.

Белсенділік және төзімділікке бағытталған тапсырмаларда тәуекелдер мен қиындықтарға жете назар аудару.

Спорттық құралдардың дұрыс орналасуына аса кең көлемде көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Демді ретке келтіру тәсілдері.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі тапсырмалардың орындалуына, күрделендіруге байланысты қойылған.

Білім алушылар оқу мақсатының мағынасын анықтап, белсенді түрде ынталанып, төзімділікті дамытатын жаттығулар жинағын жүйелі орындайды, қателерді түзетуге тырысады, әр түрлі деңгейлі тапсырмалардың орындалуына қол жеткізді.

Әр тапсырмаға бөлінген уақыт жеткілікті болды.

Әр түрлі деңгейдегі жаттығулардың орындалу нұсқаларын бақылау, саралау, қозғалыс үйлесімділігін, техника ережесін назарда ұстады.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген білім алушыларға төзімділігін, дағдысын қалыптастыруға, дағдылануға тапсырмалар берілді, әр түрлі деңгейдегі қимыл-қозғалыстар қарастырылды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жүгіру төзімділігін дамыту арналған қозғалыс әрекеттерінің шартына, мағынасына, сапасына көңіл бөлу. Топтың деңгейін, ынтымақтастық белсенділігін анықтау.

2: Жаттығулар барысындағы амал-тәсілдердің орындалу үйлесімділігінің сақталуы. Өзін-өзі, дене өзгерістерін бақылау.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап, деңгейлі тапсырмалар беру. Түрлі деңгейдегі тапсырмаларды ұсыну. Тапсырмалардың, жаттығулардың айырмашылығын анықтап, пайдалану.

2: Тапсырмалардағы төзімділікке ықпал ететін факторларды назарда ұстау. Тапсырмалардағы жаттығулардың мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив)

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныптың белсенділігі, ынтымағын және әділдігін ұстану, бірлескен және жеке жұмыстарда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру амалдарына байланысты сұрақтар қою. Танымдылығын дамыту. Қимыл-қозғалыстарды бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу