Жарыс элементтері бар ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 85 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 85
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7 бөлім: Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар | Мектеп: | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жарыс элементтері бар ойындар. | |||||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.2.4.4 Бірқатар дене жаттығуларына қатысқан кезде ережелерді және құрылымдық тәсілдерді білетінін қолдану және пайдалану | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Дене жаттығулар кезінде ережелерді және құрылымдық тәсілдерді қолдану және пайдалану | |||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология: Мыналарды қамтиды:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар
| |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар орындау барысында физикалық белсенділік және төзімділік қызметінің қимылын түсінеді). | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Тақырып бойынша ойын арқылы әлеуметтік дағдылар физикалық белсенділік және төзімділік қызметін көрсету (АКТ қолданған жағдайда) | |||||||||||||
Бастапқы білім | Білім алушылар алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс уақыттан алған қозғалыс әрекеттерінде, әлеуметтік дағдыларды және төзіміділік қызметі бойынша білімдері мен дағдылары бар. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. (П) «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді Оқушылар бір-бірін бағалайды Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды. Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз? | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин.
| (Т, Ж, ҚБ) «Командамен жүгіру». Сыныпты екі тең командаға бөліп, 2 колонна болып сап түзейді. Колонналар бір-біріне параллель, аралары 2-4 қадамнан және беттері бір жаққа қарай тұрады. Колонналардың алдынан сөре сызығы сызылады. Арақашықтығы 15-20 м. жерге бағана, немесе басқа нәрсе қойылады. Колоннадағы әрбір ойыншы өзінің алдындағы ойыншыны белінен құшақтап ұстап тұрады. Жетекшінің белгісі бойынша ойыншылар колонналарымен бағанаға дейін жүгіреді, оны айналып, қайтадан кері оралып, сызықтан жүгіріп өтеді. Жүгіргенде бөлінбей және бірінші келген команда жеңімпаз команда болып табылады. 1. Белгі берілгенде жүгіреді. 2.Кімде-кім қолын жіберіп алса, онда алдағы ойыншыны куып жетіп, қайтадан белінен ұстап жүгіруі керек. 3. Колоннада тұрғандар түгелдей бағананы айналуы керек. Дескриптор:
ҚБ: бірін-бірі бағалау. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді. | Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік, бор, бағана, ысқырғыш. Ғаламтор ресурсына сілтеме: Қозғалмалы ойындардағы: | ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин. | Сабақты қорытындылау.
Рефлексия: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? бәрін жақсы түсіндім. Енді түсініп келемін Түсінбедім Барлығын түсіндім | Құрал-жабдықтарды жинау. Кері байланыс үшін парақ | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
|
| Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу; Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету; Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау. Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу. | ||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру