Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 1 сабақ.
Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі
Денсаулық туралы негізгі түсініктер
1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері
3 сынып
3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету
Оқу мақсаттары:
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
қауіпсіздік ережелерін біледі;
денсаулық туралы негіздерін түсінеді;
техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсінеді және біледі.
(Б, К) Қозғалмалы ойындардағы техникалық қауіпсіздік ережелері.
(Ж, Т, К, Ф) Жерде түрлі пішіндегі сызықтар жүргізіледі ол – жолдар. Ойнаушылар олардың үстінен бірінен соң бірі жүгіріп, тепе-теңдік сақтай отыра күрделі бұрылыстар жасайды. Бір-біріне кедергі жасамай, алда жүгіріп келе жатқанға соқтығыспай, дәл сызыққа басып, жолмен жүгіру керек.
Ойынға қатысушылар саны әртүрлі болуы мүмкін. Жолдың ұзындығы суретте көрсетілгендей кез келген ұзындықта болуы мүмкін, бірақ 5 м кем болмауы тиіс. Бұл ойынды жарыс түрінде өткізуге болады. Пішіні бірдей бірнеше сызық сызылып, әр қайсысының соңына жалаушалар қойылады. Ойнаушылардың бірінші жалаушаға жеткені тез басынан жоғары көтеруі керек. Командалық ойын түрінде өткізуге болады.
Тапсырма 1
Дескриптор: Қауіпсіздік ережесін сақтайды. Ойынның ережесін біледі, сақтайды.
(Ж, Б, Тәж, Ф) «Жылан»
Ойынның алдында сыныпты 5-7 адамнан тұратын бірнеше топқа бөліңіз. Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап, шынжыр жасап тұрады. Шынжырдың басында жүргізуші тұрады. Ол кедергілерден секіріп, тез бұрылыстар жасап, ойын алаңында жүгіріп келе жатып, әртүрлі пішіндерді суреттеп, барлық ойынға қатысушыларды соңынан ертеді. Қалып қойған ойыншылар ойыннан шығады. Бұл ойынды кез келген жыл мезгілінде ойнауға болады.
Ойын ережесі: Жылан үзіліп қалмау үшін ойыншылар бір-бірін қолдарынан немесе белбеулерінен мықтап ұстаулары керек (тек киімнен ұстауға болмайды). Ойыншылар жүргізушінің қимылын қайталау керек. Жүргізуші тез жүгірмеуі керек.
Ойын нұсқасы: Жүргізушінің белгісі бойынша ойыншылар тарауға, одан кейін орындарына қайтып жиналуға болады.
Тапсырма 2
Дескриптор:
Қауіпсіздік ережесін сақтайды. Кедергілерден секіруді біледі.
Тез бұрылыстар жасайды.
Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру