Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 2 сабақ.


1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері

3 сынып

Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі

Денсаулық туралы негізгі түсініктер

3.3.1.1 Дене жаттығуларының, сауықтыру пайдасы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін көрсете білу және түсіну

Оқу мақсаттары:

Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:

қауіпсіздік ережелерін біледі;

жаттығулардың денсаулыққа тигізетін әсерін біледі;

техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсінеді және біледі.

 

(Ж, Т, Тәж, Ф) «Үйір» ойыны

Барлық ойнаушыларды бірнеше топқа бөледі. Бір «жылқы», екі-үш «қасқыр», екі-үш «құлыншақ» таңдалынады. Қалған ойнаушылар «жылқы үйірі» болады. Оқушылар қолдарынан мықтап ұстап, шеңбер жасайды. Шеңбердің ішінде «құлыншақтар» болады. «Құлыншақтар» шеңбердің ішінде жүріп, «жылқылардың кісінегеніне» еліктей алады. Үйірдің айналасында «жылқы» жүреді. «Үйір» мен «құлыншақтарды» күзетеді. Егер «қасқырлар» жақындаса, оларды кісінеп, оқыранып қорқытады, «қасқырға» қолын тигізсе, «қасқыр» ұсталған болып есептеледі. «Қасқырлар» «үйірдің» жанында аңдып жүреді. Шынжырды үзіп, «құлыншақтарды» ұстап, өзінің «апанына» алып кетуге тырысады. «Құлыншақ» еш қарсылықсыз «қасқырмен» кетеді.

«Жылқы» «қасқырлардың» барлығына қолын тигізгенше жалғасады.

Тапсырма 1

Дескриптор:

- Қауіпсіздік ережесін сақтайды.

- Ойынның ережесін біледі.

- Көшбасшылық қабілетін ойын барысында академиялық әділ түрде көрсетеді.

(Ж, Б, Ф) Шаршы пішінінде төрт гимнастикалық орындық қойылады. «Тауықтар» бірде сырғауылдарға қонады, бірде жерге түседі. «Түлкі» тауық қораға жақындап, ішіне кіріп бір аяғы жерге тиіп тұрсадағы «тауықты ұстай алады. Ұсталғанды «түлкі» «апанға» апарады. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады. Бірде бір рет «түлкіге» ұстатпаған жеңеді. Ойынды екі жарты алаңда, екі топпен өткізуге болады. «Ең епті түлкі» кім көп тауық ұстайды деп жарыс ретінде өткізуге немесе белгіленген уақытта қанша ұстап үлгереді деп өткізуге болады.

Тапсырма 2

Дескриптор:

Қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Жерге түсу ережесін біледі.

Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланады.

Сабақты қорытындылау. Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;

Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу