Органикалық заттардың ерекшеліктері. Органикалық қосылыстардың жіктелуі. Көрсетілім №10 «Метан, этан, этен, этин, этанол, этаналь, этан қышқылы, глюкоза, аминэтан қышқылы модельдері» . Химия, 9 сынып, дидактикалық материал.


Органикалық молекулаларды суреттеу

Молекулалық формула тек атомның әр түрінің мөлшерін көрсетеді, бірақ олар қалай байланысқаны туралы ештеңе айта алмайды.

Мысалы, бутанның молекулалық формуласы С4Н10 , этанолдың молекулалық формуласы С2Н6О.

Молекулалық формулалар органикалық химияда өте сирек қолданылады, өйткені олар молекуладағы байланыс туралы ешқандай пайдалы ақпарат бермейді. Сіздер бұл формуланы қарапайым көмірсутектердің жану реакция теңдеуінде көре аласыз: Бұл жағдайда органикалық молекуладағы байланыс маңызды емес.

Құрылымдық формулалар түрлі атомдардың қалай байланысқанын көрсетеді. Бұл формула бөлек сызықтар арқылы молекуладағы барлық байланыстарды көрсетеді. Әр байланыс сызығы ортақ жұп электронды қамтитынын ұмытпау қажет. Мысалы, сол жақта метан моделінің құрылымдық формуласы көрсетіліп тұр.

Назар аударыңыз! Метанның құрылымдық формуласы оның шын мәніндегі пішінімен сәйкес болмайды. Метан жазық емес және байланыс арасындағы бұрыш 90° бола алмайды.

Мысалы, молекулалық формуласы CH2Cl2 молекуланы қарастырайық. Біз бұл атомдардың орналасуын түрлі әдіспен көрсетуге болады. Хлор атомдары бірі-біріне қарама-қарсы немесе тік бұрыш арқылы орналаса алады. Бірақ бұл екі құрылым бірдей болып табылады. Бұл оң жақтағы суреттегідей, бір құрылым шын мәнінде біреуінің қарапайым айналуы болып табылады.

Сәл күрделірек молекуланы C2H5Cl қарастырайық. Бұл формуланы біз бірнеше әдіспен құрастыра аламыз. Бірақ бұл формулалар бірдей.

Құрылымдық формуланы суреттеуге арналған кең таралған әдіс

Көміртектің барлық атомдарымен байланыс сызығын көрсетуге болады немесе оны СН3 немесе СН2 деп жазуға болады. Бұл молекуланы реакция теңдеулерін жазғанда СН3СООН деп көрсетуге болады.

Оң жақтағы үш құрылым бутанды суреттейді.

Бұл төрт көміртек атомының бір сызық бойынша байланысқандығын ғана көрсетеді, тек қана көміртек-көміртек байланыстарының еркін айналуы ғана жүзеге асады.

Үш өлшемді (3D) құрылымдық формулаларды қалай суреттеу қажет?

Кейбір молекулалардың бөлімдерін нақты 3D орналасуын көрсету өте маңызды. Ол үшін арнайы шартты белгілерді қолдануға болады:

(парақтың жазықтығындағы байланыс)

(байланыс парақтың артынан өтеді)

(байланыс парақтың алдынан өтеді)

Бутан-2-олдың (немесе бутанол-2) құрылымдық формуласы:

Шартты белгілер арқылы байланыстар (3D):

Қаңқалық формулаларда барлық көміртек атомдары тізбектен алынып тасталынады, тек қана функционалдық топтармен көміртекті қаңқа қалады. Мысалы, бутан-2-олдың құрылымдық формуласы мен қаңқалық формуласы оң жақта көрсетілген.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!