Органикалық заттардың ерекшеліктері. Органикалық қосылыстардың жіктелуі. Көрсетілім №10 «Метан, этан, этен, этин, этанол, этаналь, этан қышқылы, глюкоза, аминэтан қышқылы модельдері» . Химия, 9 сынып, презентация.


Органикалық заттардың ерекшеліктері.

Органикалық қосылыстардың жіктелуі.

Көрсетілім №10 «Метан, этан, этен, этин, этанол, этаналь, этан қышқылы, глюкоза, аминэтан қышқылы модельдері»

Оқу мақсаттары

9.4.3.1 -органикалық қосылыстардың көптүрлілігінің себебін түсіндіру;

9.4.3.2 -көмірсутектердің және олардың туындылары: спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары, көмірсулар, аминқышқылдарының жіктелуін білу;

9.4.3.3 -функционалдық топ түсінігін, берілген класс қосылысының химиялық қасиеттерін анықтайтын топ ретінде түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

-органикалық қосылыстардың көптүрлілігінің себебін көміртектің атом құрылысының ерекшелігімен түсіндіру;

-көмірсутектерді және олардың туындыларын органикалық қосылыстар кластарына жіктеу;

-органикалық қосылыстардың белгілі бір класқа жататындығын анықтауда функционалдық топтардың маңызын түсіну.

Бағалау критерийлері

-органикалық қосылыстардың көптүрлілігінің себебін көміртектің атом құрылысының ерекшелігімен түсіндіру;

-көмірсутектерді және олардың туындыларын органикалық қосылыстар кластарына жіктеу;

-органикалық қосылыстардың белгілі бір класқа жататындығын анықтауда функционалдық топтардың маңызын түсіну.

Органикалық қосылыстардың алуан түрлілігі

Органикалық қосылыстар саны

Органикалық заттар көміртектің қосылыстары.

Органикалық химия органикалық заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін және айналуын зерттейтін ғылым.

Көміртек атомының стационар және қозған күйі

Әрбір көміртек атомы қозған күйінде жұптаспаған төрт электрон түзеді. Сондықтан көміртегі басқа атомдармен төрт байланыс түзеді

Неліктен органикалық қосылыстар көп?

1.Көміртек атомдары бір бірімен тізбектеле, тармақтала және тұйықтала байланыса алады, себебі көміртек-көміртек арасындағы байланыс өте берік.

2.Көрші көміртек атомдары бір-бірімен дара, қос және үш еселі байланыстар түзе алады.

Молекулалық формула  

Эмпирикалық формула 

Толық және қысқартылған құрылымдық формула (химиялық құрылымы)

Жазықтықтағы 3D үлгілердің бейнесі

Органикалық қосылыстардың ерекшеліктері

1.Көміртегінің болуы;

2. Органикалық заттардағы көміртегі атомының IV-валенттілігі;

3.Құрамында көміртегі бар заттарды (С, СО2, СО2) түзе отырып, жану немесе айырылу қабілеті;

4.Молекулаларда тек қана ковалентті полярлы байланыстардың және сәйкесінше молекулалық кристалдық торлардың болуы;

5. Көміртектің ұзын тізбектерді құру қабілеті, яғни бір-бірімен қосылу.

Функционалды топтар туралы түсінік

Функционалды топтар туралы түсінік

Функционалды топтар туралы түсінік

Функционалдық топтар – белгілі бір органикалық қосылыстарға тән химиялық қасиеттерін анықтайтын атомдар тобы.

Мысалы, карбон қышқылдарының қасиеті ондағы карбоксил тобының СООН болуымен анықталады.

Функционалды топтар туралы түсінік

Үй жұмысы

Сіздерге органикалық қосылыстардың негізгі кластары берілген. Жалпы формуласына сүйене отырып, құрамында үш көміртек атомы бар өкілінің құрылымдық формуласын жазып, ондағы функционалды топты көрсетіңіз:

1. Көмірсутектер (алкан, алкен, алкин (RH));

2. Галогентуындылар (RHal);

3. Спирттер (ROH);

4. Альдегидтер (RCHO);

5. Карбон қышқылдары (RCOOH);

6. Аминқышқылдар (NH2RСООН).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?