Газдардың салыстырмалы тығыздығы. Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«ГАЗДАРДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ»
ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып:8, 2 тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8.2В Стехиометриялық есептеулер
Сабақ жоспары оқушылардың өздігінен білім алуына негізделе отырып жасалған.Сабақтың басында оқушылар өткен білімдерін еске түсіре отырып, газдардың сипаттамалары толтырылған кестені толтырады. Бұл тапсырма оқушылардың есеп шығару және ойлау дағдыларын қалыптастыра алады. Тапсырма орындап болған соң дұры жауап ұсынылып, оқушылардың өзін-өзі бағалау жұмысымен қорытындыланадды.
Сабақтың келесі бөлімі оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында бірнеше газдардың формулалары жазылған шар бейнелері ұсынылады. Оқушылардан бұл шарлардың бір-бірінен қайсысы ауыр немесе жеңіл екенін болжап көру ұсынылады. Олар массаларыныі әртүрлілігіне байланысты деп жауап берулері немесе басқа да ұсыныстарды алға тартулары мүмкін. Оқушы жауабы тыңдалып болған соң есептеудің теориялық мәліметі ұсынылады.
Жаңа тақырыпты мұғалім түсіндірмесімен жалғасады. Себебі, теорияның мәні мұғалім тарапынан жан-жақты ақпаратты беруді қажет етеді. Газдардың қалыпты жағдайдағы тығыздығы мен салыстырмалы тығыздығын есептеу формуласын түсіндіре отырып, үлгі ретінде оқушылармен бірге тапсырма орындатылады. Есептеу барысында формулаларға мән беріп, өлшем бірліктеріне назар аудару қажеттігі баса айтылады.
Тақырыпты тереңірек түсіну үшін видео көрсетіледі. Онда газ қысымының өзгеруі тікелей көлемге байланысты екені атүсіндіріледі және пысықтау мақсатында қалыпты жағдайда оттек газының тығыздығын есептеуді оқушылармен бірігіп отырып талқылауға болады.
Жаңа материалды пысықтау мақсатында оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде есептер ұсынылады. Есептер мазмұны газдардың салыстырмалы тығыздығын есептеуге немесе керісінше берілген тығыздық арқылы газдардың молярлық массасын анықтауға арналған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?