Газдардың салыстырмалы тығыздығы. Көлемдік қатынас заңы. Химия, 8 сынып, дидактикалық материал.
Газдардың салыстырмалы тығыздығы
Деңгейлік тапсырмалар
І-деңгей.
- Авогадро заңы қалай тұжырымдалады?
- Элементтердің формуласын жазып, олардың орысша атауын жазыңдар. Азот, алтын, марганец, фтор, сынап, қорғасын, қалайы, күміс, көміртек.
- Эндотермиялық және экзотермиялық реакцияларға мысал келтіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар.
- Газдардың моьдік көлемі қалай өрнектеледі? Оның өлшем бірлігі қандай?
ІІ-деңгей.
- Мына оксидтердің формуласын жазып, молярлық массасын есептеңдер. Алюминий (ІІІ) оксиді, күкірт (IV) оксиді, азот (V) оксиді, фосфор (V) оксиді.
- Қалыпты жағдайларда мына газдардың тығыздығын анықтаңдар.
- Массасы 128 г күкірт (IV) оксидінің зат мөлшерін және оның қалыпты жағдайдағы көлемін анықтаңдар.
- Мына газдардың молекулалық массасын анықтаңдар, егер: а) оның оттек бойынша тығыздығы 2 ге; ә) ал қалыпты жағдайдағы тығыздығы 2,86г\л болса.
ІІІ-деңгей.
- Массасы 460 г азот (IV) оксидін алу үшін неше г азот оттекпен әрекеттесетінін есептеңдер.
- 5 л метанды толық жағу үішн қанша көлем (қ.ж) оттек газы қажет?
- 8 г мыс оксидімен әрекеттесуге қажет сутектің көлемін есептеңдер.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру