Газдардың көлемдік қатынас заңы. Химия. 8 сынып, қосымша материал.
«ГАЗДАРДЫҢ КӨЛЕМДІК ҚАТЫНАСТАР ЗАҢЫ»
ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып:8, 2 тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8.2В Стехиометриялық есептеулер
Сабақ «Кездейсоқ бөліну» әдісі арқылы оқушыларды топқа бөлумен басталады. Оқушылар өздері білетін формулалардың бірін тақтаға жазады, мұғалім оларды біріктіре отырып үш топқа бөледі. Топтар арасында «Кім жылдам?» ойыны ойнатылады, яғни жаңа тақырыптың мазмұнын ашуға бағытталған жетелеуші сұрақтар қойылады.
Сабақтың келесі бөлімі оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Ой қозғау» әдісі арқылы бірнеше сұрақтар ұсынылады. Сол арқылы жаңа сабақтыі тақырыбын ашуға мүмкіндік туады. Мұғалім тақырыптың теориялық бөлігінде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Газдардың көлемдік қатынасын анықтау үшін қолданылатын тұрақты шамаларды ұсынып, оқушылардың оған назар аударуы сұралады және үлгі ретінде олармен бірге бір есептің шығарылу әдістемесі талқыланады.
Сабақ барысында оқушылармен жұптық тапсырмалар орындатуға болады. Нәтижесінде деңгейі әртүрлі балалар бір-біріне қолдау көрсете отырып, тақырыпты тереңірек меңгеруге мүмкіндік алады. Осы типтегі дифференциацияланған тапсырмаларды ұйымдастырып ұсынып отыруға болады. Сонымен қатар сабақтың келесі бөлімінде топтық жұмыс өткізуге болады. Осы сабақта топтық жұмыс барысында оқушылар үлгідегі есептерге кері есептер құрастырып басқа топтарға ұсына алады. Топтар бір-бірінің жұмыстарын тексере отырып, өзара бағалау жұмыстарын жүргізеді.
.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?