Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы. Зертханалық тәжірибе № 3 «Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы». Химия, 8 сынып, презентация.


Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы

МАҚСАТЫ:

әртүрлі металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясысын білу;

металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы теңдеуін құру;

Тақырыпқа қатысты сөздік :

Қышқылдармен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік техника ережесін қайталау:

Қолға резина қолғап кию керек;

Көзге қорғаныш көзілдірігі қажет;

Қышқылға су құюға болмайды;

Абайсызда денеңізге (қолыңызға ) қышқыл тиіп кеткен кезде көп мөлшердегі салқын сумен шайып, орнын 5% -дық ас содасы ерітіндісімен бейтараптау керек!

ӨТКЕН САБАҚТА ҚҰРАСТЫРҒАН МЕТАЛДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІК ҚАТАРЫН ЕСКЕ ТҮСІРІП ЖАЗ

ҚЫШҚЫЛДАРДЫҢ АТАУЛАРЫ МЕН ФОРМУЛАСЫ

Зертханалық жұмыс

Қышқылдармен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік техника ережелерін еске түсіріңдер.

6 таза сынауыққа 1 мл –дей сұйытылған күкірт қышқылынан құйыңдар.

1-сынауыққа қалақшаның мөлшермен ¼ бөлігіндей магний ұнтағын, 2-сынауыққа қалақшаның мөлшермен ¼ бөлігіндей темір ұнтағын, 3-сынауыққа қорғасын түйіршігінен біреуін, 4-сынауыққа қалайы түйіршігінен біреуін, 5-сынауыққа алюминий түйіршігінен біреуін , 6-сынауыққа мырыш түйіршігінен біреуін салыңдар.

Не байқадыңдар? Бөлінген газды тексеріңдер. Сынақ жүргізерде абай болыңдар!

Қай сынауықта реакция жылдам жүреді соны бақылап қорытындылаңдар.

Металдардың қышқылдармен реакция теңдеулерін сөзбен жазыңдар.

 

Металдардың қышқылдармен сөзбен жазылған реакциялары:

 Магний + күкірт қышқылы = магний

сульфаты + сутегі ↑

Темір + күкірт қышқылы = темір

сульфаты + сутегі ↑

Алюминий + күкірт қышқылы = алюминий сульфаты + сутегі ↑

Мыс + күкірт қышқылы = әрекеттеспейді

Металдардың қышқылдармен реакция теңдеулерін формулалардың көмегімен жазыңдар

 

Зерттеген металдар белсенділігінің «салыстырмалы кестесін» құрыңдар

К-Li-Na-Mg-Al-Zn-Fe-Pb-Sn-Cu

Металдардың белсенділік қатары

Металдардың қышқылмен әрекеттесу реакция теңдеулері бойынша қорытынды жаса:

Орташа белсенді металдар сұйытылған қышқылдармен әрекеттесіп тұз түзеді және сутегі бөлініп шығады.

Белсенділігі төмен металдар (асыл) сұйытылған қышқылдармен әрекеттеспейді.

*Үй тапсырмасы:

ҚТЕ қайталау , МЕТАЛДАР туралы білімдерін география, физика, тарих пәндерімен байланыстыру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?