Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі. № 3 зертханалық тәжірибе «Металдардың қышқылдар ерітінділерімен әрекеттесуі». Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1.С Металдардың белсенділігін салыстыру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны: 12

Қатыспағандар саны: 12

Сабақ тақырыбы

Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі.

№ 3 зертханалық тәжірибе «Металдардың қышқылдар ерітінділерімен әрекеттесуі»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.4.4 - қышқыл ерітінділерімен әртүрлі металдардың реакцияларын зерттеу

8.2.4.5 - металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастыру

 Сабақ мақсаттары

- металдардың сумен реакцияларын білу;

-металдар белсенділігін қышқыл ерітінділерімен әрекеттестіру реакциясында зерттеу;

-оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру.

Бағалау критерийлері

- металдардың сумен реакциясының теңдеуін жаза алады;

-сәйкес теңдеулердің орынбасу реакциясы екенін ажыратып, өнімдерін атайды;

- жұмысты бастамас бұрын эксперименттің потенциалды қауіптілігін анықтайды;

- металдар белсенділік қатарын құрады;

- бөлінген газды тексереді;

- дәлелдемелер негізінде қорытынды жазады.

 Тілдік мақсаттар

 

Тілдік мақсат:

- орынбасу немесе ығыстыруға қатысты терминдерді пайдаланып, ығыстыру процестерін ауызша немесе жазбаша сипаттай алады;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

металл тұзы, ығыстыру, орынбасу реакциясы, реагенттер, өнімдер, белсенділік қатары, реакция, мырыш, магний, темір, мыс, сұйытылған тұз қышқылы, мырыш хлориді, магний хлориді, темір хлориді, сутек газы

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Өзіне, өзгеге құрмет көрсету және ынтымақтастық – жұппен, топпен жұмыстану барысында, академиялық адалдық – өз бетімен жұмыстану барысында, ашықтық – оқушылар өз бетімен сабақтың мақсаттары мен міндеттерін анықтай алуда көрсету.

 Пәнаралық байланыстар

Биология және физика

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану арқылы білімін қолдану және тыңдалым дағдылары қалыптасады.

Бастапқы білім

7.3А Химиялық реакциялар;

8.1В Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

3-7 минут

Сыныпты ұйымдастыру

Сабақ басында:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсаттары айтылады. Үй жқмысы тексеріледі.

«Топтық жұмыс»

Мақсаты: Өте белсенді металдардың сумен реакция теңдеулерін еске түсіру.

Тапсырма сипаты: Оқушыларды 3 топқа бөліп тапсырма парағы беріледі.

Мұғалімнің іс-әрекеті: Топтық жұмыста оқушылардың бірлесіп жұмыстануын қадағалайды.

Оқушының іс-әрекеті: Берілген тапсырманы топта орындайды. Өткен сабақта барлық тапсырманы дұрыс орындаған оқушы бағалаушы болады.

Кері байланыс: Қателіктер айтылып жөнделінеді.

Бағалау: бірін- бірі бағалау .

1 қосымша

Сабақтың ортасы

7-20 минут

20- 30 минут

30-35 минут

Топтық жұмыс

Мақсаты: металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясын зерттеу;

Тапсырма сипаты: Оқушыларды топқа бөліп, оқушыларға бетшелер таратылып, № 3 зертханалық тәжірибе «Металдардың қышқылдар ерітінділерімен әрекеттесуі»

Оқушылар жұмысты бастамас бұрын эксперименттің потенциалды қауіптілігін анықтайды.

Оқушыларда қорғаныс көзілдірігі болуы тиіс.

Жұмысқа төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы болжам жазады:

-Барлық металдар реакцияға бірдей жылдамдықта түсе ме?

-Қандай газ бөлінеді?

-Қай металл реакцияға белсенді түседі?

-Қай металл реакцияға нашар түседі?

-Қандай жаңа өнімдер алынады?

Белсенділігі орташа және инертті металдардың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі бойынша тәжірибе жүргізіледі.

Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушыларға жұмыс парағын таратады. Жұмыс барысымен таныстырады. Тәжірибені қадағалайды.

Кері байланыс. Жұмыс соңында ғылыми терминологияны қолданып, қорытынды жазады.

Сыныппен жұмыс

Мақсаты: Жүргізілген тәжірибеден кейін олардың реакция теңдеулерін жазу.

Тапсырма сипаты: Жасалған жұмыстары бойынша әр топ плакат дайындайды. Оны қорғайды. Бір-бірін бағалайды.

Мұғалімнің іс-әрекеті: Мұғалім оқушылардың плакатқа жазған теңдеулерін тексереді.

Оқушының іс-әрекеті: Жүргізілген тәжірибелердің реакция теңдеулерін плакатқа жазады.

Кері байланыс: Әр топ тақтаға шығып өз плакаттарын қорғайды.

Бағалау дескрипторлары:

  • Қышқылдың және түзілген тұздың формуласын дұрыс құрастырады;
  • Жасалынған тәжірибелердің химиялық реакция теңдеулерін дұрыс жазады;
  • Топ жұмысын қорғауға шыққан оқушы заттардың атауларын дұрыс оқиды.

Бекіту бөлімі. Жеке жұмыс

Мақсаты: Өтілген мақсатты бекіту.

Тапсырма сипаты: Презентациядан тапсырмалар беріледі. Оқушылар жауабын ақ тақташаларға жазып, бір уақытта көтереді. Мұғалім бағалайды.

Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушыларға тапсырманы презентация арқылы беріп, оларды бағалайды.

Оқушының іс-әрекеті: Берілген тапсырманы тез ақ тақташаларға орындап, бірдей уақытта көтеру қажет.

Кері байланыс. Қате жіберген оқушыларға дұрыс жауабы айтылады.

Бағалау: Дұрыс жауап берген оқушыларды формалды емес бағалау ұсынылады.

Презентация

Жұмыс парағы

Металдар: магний, цинк, темір, мыс.

Сұйылтылған тұз қышқылы,

сынауықтар, сынауықтар үшін штатив, сиртшам, қысқыш

http://www.youtube.com/watch?v=ng6DGwiKWag

Презентация

Плакат, маркерлер

Презентация

Ақ тақташа, маркер

Сабақтың соңы

35-40 минут

Қорытынды. Сабақтың аяқталуы.

Рефлексия

  • Сабақ қорытындылау үшін бес сөйлем жазыңыз.
  • Содан кейін осыны бес сөзге төмендетіңіз.
  • Соңында, бір ғана сөз қалдыр.

Үй тапсырмасы: Коррозия түрлері, коррозиядан сақтаудың негізгі әдістері туралы оқып, дәптерлеріне маңыздыларын жазып келу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?