Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі. № 3 зертханалық тәжірибе «Металдардың қышқылдар ерітінділерімен әрекеттесуі». Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«МЕТАЛДАРДЫҢ ҚЫШҚЫЛДАРМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ» ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып: 8, 1-тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1С Металдардың белсенділігін салыстыру

 Бұл тараудың барлық тақырыптары оқушылардың әртүрлі реакцияларды жүзеге асырып, зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар әртүрлі металдардың қышқылдармен реакцияларын зерттейді, реакция нәтижелері негізінде өздері металдардың белсенділік қатарын құрады. Мұғалім белсенділік қатарын бұл сабақта бермегені абзал, себебі келесі сабақта да осыған ұқсас тәжірибелерді тұздардың ерітінділерімен жүргізіледі. Тараудың қортынды сабағында оқушылар жалпы белсенділік қатарын қорытып шығарады. Осы тәжірибелерді орындау арқылы практикадан теорияға принципі жүзеге асырылады. Тәжірибелік жұмыстардың қорытындыларын жазу үшін әртүрлі фомаларды ойлап тауып қолдануға болады. Оқушылар қышқылдардың металдармен әрекеттесуімен 7-сыныптан таныс, оқушылар сол кезде реакцияларды сөзбен сипаттап жазған болатын. Сабақты сөздік реакциямен бастап, сосын формулаларды пайдаланып химиялық реакция теңдеуі түрінде жазып теңестіруге болады. Бұл тақырыптарды оқу арысында оқушылардың реакция теңдеулерін жазу және реакция типтерін анықтау дағдылары одан әрі шыңдала түседі. Бұл кезеңде оқушылар тек қана сұйылтылған қышқылдармен реакция жүргізеді, сондықтан концентрлі қышқылдарммен жұмыс жүргізу ұсынылмайды. Сонымен қатар, қышқылдардың ортақ қасиеттерін көрсету үшін тұз қышқылы мен күкірт қышқылының ерітінділері қолданылады. Барлық реакциялар келесі схемаға сай болуы керек:

 Металл + қышқыл = тұз + сутек

 Оқушылардың барлығы реакция нәтижесінде бөлінген сутекті анықтауды 7-сыныптан біледі, дегенмен сапалық реакцияларды тағы да жүргізуге болады. Ең маңыздысы оқушылар металдардың қышқылдармен әрекеттесу барысындағы белсенділіктеріне қарай «металдардың белсенділік қатарын» құру керек.

 Зертханалық жұмыстарды орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда мұғалімдер тәжірби нәтижелері берілген тапсырмалар беруге болады. Тапсырмаларды орындау арқылы да оқушылар оқу мақсатына жете алады.

 Тапсырма үлгісі. Оқушы зерттеу жұмысын жүргізді. Мыс, магний және мырыш түйіршіктерін сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттестірді. Оқушының негізгі мақсаты белсенділік қатарын құру керек болатын. Суретте берлген зерттеу нәтижелерінің нәтижесінде қандай қорытынды жасауға болады?

 

 Сонымен қатар келесідей тапсырмалар оқушылардың реакцияларды жазу дағдыларын дамытуға септігін тигізеді.

  • Кестені толықтырыңыз

Металл

Қышқыл

Тұз

Газ

Мырыш

Мырыш сульфаты

Калий

Азот қышқылы

Магний хлориді

Бромсутек

Кальций бромиді

Литий

Литий сульфаты

Тұз қышқылы

Сутегі

  • Келесі реакциялардың химиялық теңдеулерін таңбалы түрде жазыңыз:

А) ______________+__________________=_______________+_______________

Кальций + тұз қышқылы=

B) ______________+__________________=_______________+_______________

Мырыш + күкірт қышқылы=

С) ______________+__________________=_______________+_______________

Барий + азот қышқылы=

D) ______________+__________________=_______________+_______________

Натрий + күкірт қышқылы=

Е) ______________+__________________=_______________+_______________

Рубидий + тұз қышқылы=

F) ______________+__________________=_______________+_______________

Кальций + фосфор қышқылы=



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ