Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы. № 5 Зертханалық жұмыс «Металдардың қышқылмен өзара әрекеттесу реакциясы». Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2А Металдардың химиялық белсенділігі | Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: 30,10.2017 | Мұғалімнің аты-жөні: Вебер Г Г | ||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақтың тақырыбы: | Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы № 5 Зертханалық жұмыс «Металдардың қышқылмен өзара әрекеттесу реакциясы» | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.4.4. металдар белсенділігін қышқыл ерітінділерімен әрекеттестіру реакциясында зерттеу. | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар металдар белсенділігін қышқыл ерітінділерімен әрекеттестіру реакциясында зерттеп, тиісті реакция теңдеулерді жазады. | ||||||
Бағалау критерийлері | реакцияға түсуі бойынша металдарды дұрыс орналастырады өзінің әрбір тәжірибе үшін сөзбен реакция теңдеуін құрайды (металл + қышқыл → тұз + сутек). | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар : орынбасу немесе ығыстыруға қатысты терминдерді пайдаланып, ығыстыру процестерін ауызша немесе жазбаша сипаттай алады Пәнге қатысты лексика мен терминология: металл тұзы, ығыстыру, орынбасу реакциясы, реагенттер, өнімдер, белсенділік қатары, реакция, Диалог пен жазуға арналған сөздердің пайдалы жинағы: Белсенділігі жоғары Х металы белсенділігі төмендеу Y металына қарағанда тұз қышқылымен белсенді әрекеттеседі. Белсенділік қатары бойынша ................................. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың дүние танымдық қабілеттерін дамытып ғылыми жаңашылдық көз-қарасын қалыптастыру | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ұсынылған керекті мәліметтерді таңдап алу дағдысын қалыптастыру. | ||||||
Бастапқы білім | Атомның құрамы мен құрылысы | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-5 минут | Оқушылармен амандасу,оларға бүгінгі сабақта өтетін тақырып бойынша сұрақтар қою және тақырыпты ашу, жақсы енді металдардың адам өміріндегі маңызы қандай? Неліктен металдар маңызды? Олардың қандай қасиеттері бар? Металдар қандай иондар түзеді. Металдардың сумен реакциясы бойынша не білеміз? | ||||||
Сабақтың ортасы 5-20 минут 21-27 минут 28-39 минут 40-50 минут 51-65 минут 66-76 минут | Оқушылар металдардың қасиеттері бойынша өз ойларын айтады. Олар сабақ тақырыбы және мақсатымен танысады, жетістік критерийлер қойылады. https://www.youtube.com/watch?v=pKQssqGnViA https://www.youtube.com/watch?v=znls9BBMY-U Енді оқушылар мына көрсетілімге жақсы көңіл аударып, тиісті заттарды жазып аламыз. Оқушылар №1 жазба жұмысты топ бойынша орындайды. Кейін металдардың белсенділік қатарын жүргізеді. Оқушылар «типтік» белгілері бар металдардың физикалық қасиетін белгілей алады және 1-ші топ элементтерінің химиясын қайталайды. Оқушылардан металдардың белсенділігінің азаю реті бойынша өз ойларын айтады. Оқушыларға белсенділігі орташа және инертті металдардың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі бойынша тәжірибе жүргізеді. Оқушылар қауіпсіздік техника ережесімен танысады. құоғаныш құралдар алады(көзілдірік, қолғап, ұстағыш) Тәжірибені орындау алдында оқушыларға тәжірибенің потенциалды қауіптілігін анықтауды және жұмыс соңында ғылыми терминологияны қолданып, қорытынды жасау керек. Оқушылар газдың бөлінуін бақылау кезінде: Не байқайсыз? (газ бөлінуі деген ұғым) Сұраңыз:Бұл қандай газ? сутекке тест жүргізу.(7.2В). тұз қышқылымен металдардың реакцияларын орындау және сутегінің өнімдердің бірі болып табылатындығын анықтау Оқушылар металдың тұз қышқылымен түзілетін тұзды атаған кезінде, олардан өз тәжірибе бойынша реакция теңдеуді сөзбен жазу талап етіледі. Жүргізілген тәжірибелер негізінде оқушылардан белсенділігі жоғары металдан бастап, белсенділігі төмен металдарға қарай белсенділік қатарын құруды сұрау. | Металдар: магний, цинк, темір, мыс. Сұйылтылған тұз қышқылы, сынауықтар, сынауықтар үшін штатив, сиртшам, қысқыш http://www.youtube.com/watch?v=ng6DGwiKWag Химия Н.Нұрахметов 9-сыныбына арналған оқулық Химия Усманова М.Б., Сақариянова Қ.Н. 9-сыныбына арналған оқулық | |||||
Сабақтың соңы | Оқушылармен бірлесе отырып сабақты қорытындылайды. Металдарды физикалық және химиялық қасиетін әрбір топ өз түсінігі бойынша айтады. қиын деп ойлағанын бөліседі. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
| ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Оқушыларға топтық тапсырмалар беріледі. Оқушылар біріне-бірі көмектесе отырып тапсырмаларды орындайды. | Өз бетінше жұмыстар беру және бір-бірінің жұмыстарын тексеру | Сабақта денсаулық пен қауіпсіздік проблемалары талқыланбайды. Экспериментті орындау алдында оның әлеуетті қауіптілігін анықтау керек | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
METAL
Copper
Magnesium
Zinc
Iron
Белсенділік қатарды орналастырыңыз:
Алтын, мыс, күміс, натрий, калий, мырыш, темір, магний
Оқушыларға тапсырмалар беріледі.
Кестені толтыру
Металдар | Күкірт қышқылы | Тұз қышқылы |
Zn | ||
Al | ||
Fe | ||
Na | ||
Cu |
Реакция теңдеулерін сөзбен және формулалар арқылы жазады
Ұтымды жолды нәтижесінде сутек бөлінетін реакциялар құрайды:
Cu +HCl | HNO3 +NaOH | Na +HCl |
Ca +HCl | Zn +H2SO4 | Ba +H2SO4 |
Ag +H2SO4 | Na2CO3 + HCl | Al2O3 + HCl |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды