Жаңа 2025 жылға тілек. Жылан жылына құттықтау сөздер мен тілектер


 Құрметті Қазақстандықтар! Бүгінгі кіріп келген 2025 жыл баршамызға құтты болсын! 2025 жыл барлықтарыңызға қуаныш пен шаттыққа толы жыл болсын! 2025 жылы аңсаған армандарыңыз орындалып, діттеген мақсаттарыңызға жете беріңіздер! Жаңа жылда жаңа табыс, жаңаша биіктерге жете беріңіздер!

Жаңа 2025 жылға тілек. Жылан жылына құттықтау сөздер мен тілектер

Келіп жеткен 2025 жыл жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Жаңа 2025 ші жыл баршаңыздың шаңырақтарыңызға бақ-береке мен ырыс, ынтымақ әкелсін! Жаңа жылда жаңа табысқа, биік шыңдарға жете беріңіздер! Еңбек жолдарыңызға сәттілік тілеймін! Еңбектеріңіз жана берсін!

 Ата-әже 2025 жыл құтты болсын!

Аташым, әже! 2025 ші кіріп келген жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, таусылмас бақыт тілеймін! Өмір жолдарыңыз ашық болсын! Немерелер ортасында шөбере сүйіп жылдан жылға аман есен жете беріңіздер! Есіктен еніп келген 2025 жыл қуаныш пен бақыттың жылы болсын!

 Әкешім, анашым жаңа жылдарыңызбен!

Әкешім, анашым келіп жеткен 2025 жыл жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Жастарыңызға жас қосып, алға қадам баса беріңіздер! Жаңа жылда жандарыңыз жадырап, көңілдеріңіз көтеріле түссін! Бар жақсылықтар орналып, жаңа жылда жаңаша қуанышты күйге жете беріңіздер! Шаңырағымыздан шаттық кетпесін!

 Ағам, інім әпкем, сіңілім бауырларым жаңа жылдарыңмен!

Ағам, інім, әпкем, сіңілім бауырларым! Сендерді 2025 ші есіктен еніп келген жаңа жылдарыңмен шын жүректен құттықтаймын! Сендерге зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін! Жаңа жылдан жаңа жылға аман есен жете беріңдер! Отбасы, бала-шағаларың аман болсын! Жаңа 2025 жыл табысты жыл, қуанышты, шаттықты жыл болсын!

Жаныма жақын жандарым жаңа жылдарыңмен!

Жаныма жақын жандарым! Жаңа 2025 жыл құтты болсын! Жаңа жыл бақытқа толы, шаттыққа толы жыл болсын! Жаңа жылда отбасыларың аман есен болып, биіктерге қанаттана беріңдер! Денсаулықтарың мықты болып, көңіл-күйлерің күшті болсын! Арман-мақсаттарыңның жаңа жылда орындалуын Жаратқан иеміз нәсіп етсін!

 Жаңа жылдарыңмен құттықтаймын!

Жаныма жақын достарым, таныстарым барлықтарыңды бүгінгі 2025 жыл жаңа жылдарыңмен құттықтаймын! Жаңа жыл қуанышымен, шаттығымен, бақытымен келе берсін! Бар жақсылықтардың орындалуын Аллам нәсіп етсін! Жаңа жыл жақсылықтың жылы болсын, сәттілікке толы күндердің жылы болсын! Арман-мақсаттарың орындалып, жаңа жылда биік белестерді бағындыра беріңдер!

 2025 жаңа жыл құтты болсын!

Бүгінгі келіп жеткен 2025 жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Жаңа жылда жаңа табысқа жете беріңіздер! Аспандарыңыз ашық болып, қиындықтар сіздерден қашық болсын! 2025 ші жыл ырзық несібесі көп жыл болсын! Бақ-берекесі мол жыл болсын! Қуанышы мен шаттығы көп, бақыты баянды жыл болсын!

Құтты болсын 2025 ші жаңа жыл

Есік ашқалы отырған 2025 ші жаңа жыл құтты болсын! Барлықтарыңа зор денсаулық, қажымас қайрат, таусылмас бақыт тілеймін! 2025 жыл бақыты мен шаттығымен тербей берсін! Жүздеріңнен күлкі кетпей, армандарың орындала берсін! Алға қойған мақсаттарыңа жете беріңдер! Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын! Берекелі де, мерекелі күндерің көп болсын! Жаңа жыл жаңа жылға ұласа берсін!

 Құттықмаймын 2025 ші бүгін жаңа жылыңмен!

......! Сені есіктен енген 2025 ші жыл бүгінгі жаңа жылыңмен құттықтаймын! Саған зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас қанат, таусылмас бақыт тілеймін! Өмір жолың ашық болсын! Армандарың орындалып, биіктерге самғай түс. Жаратқан иеміз жар болып, бар жақсылықтар орнай берсін! Жылдан жылға аман есен жете бер! 2025 жыл бақ-берекелі, мерекелі жыл болсын!

 2025 жыл, жаңа жылыңызбен!

.....! Сізді 2025 жыл келіп жеткен жаңа жылыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сізге әлемдегі бар жақсылықты тілей отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін! Өмір жолыңыз ашық болсын! Жаңа жыл сізге қуаныш пен бақытқа, сәттілікке толы жыл болсын! Шуақты да қуатты күндеріңіз көп болып, бақыттың базарында алланың назарында болыңыз!





Құрметті Қазақ елі! 2025 жыл жыл келіп жеткен жылан жылы баршаңызға құтты болсын! Жылан жылы ырысты, берекелі, мерекелі қуанышқа толы жыл болсын! Жылан жылы армандарыңыз орындалып, діттеген мақсаттарыңызға жете беріңіздер! Сыйластығымыз бен ынтымағымыз, бірлігіміз арта берсін! Жылан жылы тек қана жақсылыққа толы жыл болсын!


Жылан жылы құтты болсын!

Құрметті Әріптестер! Есіктен еніп келген биылғы жылан жылы баршаңызға құтты болсын! Жылан жылы жақсылығымен, шаттығымен бақытымен тербей бепсін! Әр күндеріңіз шуақты, астарыңыз қуатты болсын! Жылан жылы ойға алған істеріңіз оңынан шешіліп, армандарыңыз орындалып, діттеген мақсаттарыңызға жете беріңіздер! Жылан жыл бақ-береке, ырысымен келе берсін! Еңбек жолында биіктерге жете беріңіздер!


 Құтты болсын жылан жылы кеп жеткен

Ата-әже! Жылан жылы есіктен еніп отыр, құтты болсын! Жылан жылы отбасымызға бақ-береке, ырыс пен ынтымағын әкеле берсін! Жылан жылында бар жақсылықтар орын алып, аспанымыз ашық болсын! Ата-әже дендеріңізге саулық тілеймін! Ауырмай, сырқамай, ортамызда біздерге бас болып, көш бастап аман-есен жүре беріңіздер! Жылан жылы тағы да құтты болсын!


 Әкешім, Анашым жылан жылы құтты болсын!

Әкешім, Анашым! Бүгін міне келіп жеткен жылан жылы құтты болсын! Аллахым жар болып, денсаулықтарыңыз мықты болып, ортамызда күліп ойнап жүре беріңіздер! Жылан жылы еңбек жолдарыңызға сәттілік пен табыс әкелсін! Қуанышты да, бақытты, шаттықты күндеріңіз көп болсын! Жылан жылы бақ-берекесін әкеле берсін! Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын! Әкешім, Анашым амандықта ортамызда біздерді алға бастап жүре беріңіздер! Жаңа жыл құтты болсын!

 Ағам, інім, әпкем, сіңілім бауырларым, жылан жылы құтты болсын!

Ағам, інім, әпкем, сіңілім бауырларым! Келіп жеткен жылан жылы құтты болсын! Жылан жылы отбасыларыңа бақыты мен шаттығын үйіп-төгіп әкеле берсін! Денсаулықтарың мықты болып, бала-шағаларың аман болсын! Еңбек жолында абыройларың асқақтай берсін! Жылан жылы берекелі де мерекелі жыл болсын! Қанаттарың талмасын! Жылан жылында өрістерің кеңейе берсін!


 Ағайын, туыс жаныма жақын жандарым!

Бүгінгі келіп жеткен жылан жылы құтты болсын! Жылан жылында табыстарыңыз көбейе берсін, тыныстарыңыз кеңейе берсін! Рухани байлықтарыңыз артып, еңбек жолында биіктерді бағындыра беріңіздер! Абырой беделдеріңіз арта берсін! Ризық несібелеріңіз артып, жылан жылында мол табысқа кенеле беріңіздер! Зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас қанат, таусылмас бақыт тілеймін!


 Жылан жылы құтты болсын!

Дос жарандар, құрбы құрдастар! Биылғы келіп жеткен жаңа жыл, жылан жылы құтты болсын! Жүздеріңнен күлкі кетпей, бақ-береке, ырыс ынтымақ орнай берсін! Осы жылан жылында арман мақсаттарыңа жетіп, биік белестерді бағындыра беріңдер! Шаттығы көп жыл, уайым қайғы жоқ жыл, көңілдерің тоқ жыл осы жылан жылы болсын! Бастарың аман, бауырларың бүтін болсын! Жүздерің жайнап, отбасы мен жандарыңа жақын жандар арасында күліп ойнап жүре беріңдер! Тағы да келіп жеткен жаңа жыл жылан жылы құтты болсын!


 Құттықтаймын келген жылан жылыңызбен!

.....! Сізді есіктен енген жылан жылымен шын жүректен құттықтаймын! Сізге әлемдегі бар жақсылықты тілеймін! Денсаулығыңыз мықты, көңіл күйіңіз күшті болсын! Отбасыңыз аман болып, тыныш бейбіт заман болып, сәттілікке толы күндеріңіз көп бола берсін! Жылан жылында мол табысқа кенеле беріңіз! Абырой беделіңіз арта берсін! Мәртебеңіз үстем болсын!


 Жылан жылы құтты болсын кеп жеткен!

....! Сені келіп жеткен жылан жылымен шын жүректен құттықтаймын! Саған зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін! Асқақ армандарың мен алға қойған мақсаттарыңа осы жылан жылында жете беруіңе тілектеспін! Жылан жылы сен үшін мол табысты, берекелі де мерекелі жыл болсын! Көңіліңнің көктемі мәңгілік көктеп, жап-жасыл гүл баққа айнала берсін! Жылан жылы қуаныш пен шаттықтың, бақыттың жылы болсын!


 Құтты болсын жылан жылы!

Жылан жылы құтты болсын! Бақ-береке, ырыс пен ынтымақ орнай берсін! Жылан жылы жұиыссызға жұмыс беріп, жұмыстағы жандарға еңбектерінің жемісін көруді нәсіп етсін!! Жаңа жылан жылында мол бақытқа кенеле беріңіздер! Жылан жылы құтты болсын! Отбасыларыңыз аман болып, шаңырақтарыңыздан шаттық тілеймін! Жылан жылы қуаныштарыңыз көп болсын, уайымдарыңыз жоқ болсын, көңілдеріңіз тоқ болсын!




Құрметті Қазақ елі! Келіп жеткен жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жылда жаңа табысқа, жаңа мәртебеге жете беріңіздер! Жаңа жыл қуаныш пен бақыттың, шаттықтың жылы болсын! Отбасыларыңыз аман болып, тыныш бейбіт заман болсын! Жаңа жылда абырой, беделдеріңіз арта берсін! Арман мақсаттарыңызға қол жеткізе беріңіздер!


 Құтты болсын келіп жеткен жаңа жыл!

Құрметті әріптестер! Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңыз аман болып, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Жаңа жылда қуаныш пен шаттық, бақыт сіздерді бесігінде тербей берсін! Асқақ армандарыңыз орындалып, діттеген мақсаттарыңызға жете беріңіздер! Шаңырақтарыңыз шаттықтың мекеніне айнала берсін! Еңбек жолында биіктей беріңіздер, өрлей беріңіздер!




Әкешім, Анашым! Сіздерді келіп жеткен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық қажымас қайрат тілеймін! Отбасымыздың алтын қазығындай біздерге тіреуіш болып, біздердің бақытымызға орай аман, жаңа жылдан жаңа жылға аман есен жете беріңіздер! Көңілдеріңізді шаттық тербеп, өмірлеріңізді бақыт тербей берсін! Жаңа жылда жаңа табысқа жете беріңіздер!


 Аташым, әже жаңа жылдарыңызбен!

Аташым, әже! Келіп жеткен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Жаңа жылда қуаныш пен шаттықтарыңыз еселене берсін! Өмірлеріңіз көктемдей құлпырып, көңілдеріңіз жаздай жайнай берсін! Бақыттарыңыздың базары тарқамасын! Бай, қуатты болыңыздар! Біздің ортамызда күліп ойнап аман есен жүре беріңіздер! Жаңа жылдан жаңа жылға жете беріңіздер!


Ағам, інім, әпкем, сіңілім бауырларым жаңа жылдарыңмен!

Ағам, інім, әпкем, сіңілім бауырларым келіп жеткен жаңа жылдарың құтты болсын! Денсаулықтарың мықты болсын!! Өмір жолдарың ашық болып, қиындықтар сендерден қашық болсын! Жаңа жылда жаңаша қуаныштар есік аша берсін! Жаңа жылдың әр күні бақыт пен шаттыққа, сәттілікке толы болсын! Отбасыларың аман болып, тыныш бейбіт заман болсын! Абырой, беделдерің арта берсін! Мерейлерің үстем болсын!


 Ағайын, туыс жаныма жақын жандарым, жаңа жылдарыңызбен!

Ағайын туыс жаныма жақын жандарым, бүгінгі келіп жеткен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Жаңа жыл бақыт пен шаттықтык, қуаныштың жылы болсын! Әрбір күндеріңіз берекелі де мерекелі болсын! Жаңа жыл жақсы жаңалықтарға толы болып, армандарыңыз орындала берсін! Жүздеріңізден күлкі кетпей, әр басқан қадамдарыңыз оң болсын! Ризық несібелеріңіз мол болсын!




.....! Сізді бүгінгі келіп жеткен жаңа жылыңызбен құттықтаймын! Жаңа жылдың әрбір күні жақсы жаңалыққа толы болып, көңіліңіз көтеріле түссін! Жаратқан иеміз жар болып, жаңа жылда бар жақсылықты сіздің отбасыңызға бере берсін! Өміріңіз шатттыққа толып, бақытты күндеріңіз жалғасын таба берсін! Жаңа жылда абырой беделіңіз артып, ырзық несібеңіз молая берсін! Жаңа жылдан жаңа жылға амандықта жете беріңіз! Жаныңызға жақын жандар аман болсын!




.....! Сені жаңа жылыңмен құттықтаймын! Саған зор денсаулық тілеймін! Өмір жолың ашық болсын! Жаңа жылда жаңаша биіктерге өрлеп, абыройың асқақтай берсін! Көңіліңнің көктемі мәңгілік жасыл болып, жаның жаздай жадырай берсін! Ырыс пен ынтымақ саған жолдас болып, берекелі де мерекелі күндерің көбейе берсін!




Жаңа жыл баршаңызға құтты болсын! Жаңа жылдың жаңаша лебі жақсылықтарға ұласа берсін! Көңілдеріңіз көтеріліп, өмірлеріңіз қуанышқа толы болсын! Армандарыңыз орындалып жаңа жылда табысқа жете беріңіздер! Құт берекелі, мерекелі жыл болсын!




Жаңа жылдарың құтты болсын! Жаңа жыл барлықтарыңа тек қана жақсылығымен келсін! Бақытты да баянды күндерің көп болсын! Қанаттарың талмасын! Жаңа жылда күндей күлімдеп, бір біріңе жылу беріп, айдай түнде жарық, сәуле шашып, жұлдыздай жарқырап, жаңа жылда бақытқа кенеле беріңдер! Рухани байлықтарың артып, жүздеріңнен күлкі кетпесін!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу