Туған күнге арналған құттықтау тілектер жинағы автордан


Құрметті оқырмандар! Сіздерге арнап Жібек Ысқақова жазған туған күнге арналған құттықтау тілектерді ұсынамыз. Туған күндеріңіз құтты болсын!

Туған күніңмен құттықтаймын! Аңсаған арманарың орындалып, діттеген мақсаттарыңа жете беруіңе тілектеспін! Денсаулығың мықты болып, өмір жасың ұзақ болсын! Есіктен енген жаңа жасың бақыты мен шаттығын ала келсін!

* * * * * * * * *

Құтты болсын бүгінгі туған күнің! Саған өмірдегі барлық жақсылықтарды тілеймін! Аспаның ашық болып, жүзіңнен қуаныш кетпесін! Саулығың мықты болып, жаның жадырай түссін!

* * * * * * * * *

Құттықтаймын мен сені бүгінгі туған күніңмен! Арайлап атқан әрбір таңың қуаныш пен шаттыққа толы болсын! Отбасың мен жаныңа жақын жандар аман болсын! Жаңа жасың жақсы жаңалықтар мен қуаныштарға толы болсын! Ғұмырлы бол!

* * * * * * * * *

Бүгінгі туылған күніңмен құттықтаймын! Жүзіңнен күлкі кетпесін! Жүзің жайнап, гүлді бағыңда бұлбұл қүстар сайрай берсін! Денің сау болып Жаратқанымның қолдауымен жастан жасқа аман-есен жете бер! Бақытты ғұмыр кеш! Өмір жасың ұзақ болсын!

* * * * * * * * *

Бүгінгі келіп жеткен жеке меншік мерекең құтты болсын! Жүзің балбұл жайнап, көңілің жадырасын! Діттеген мақсаттарыңа жетіп, арманың орындала берсін! Жаңа жасың барлық жақсылықты сыйлай берсін! Бақытты бол!

* * * * * * * * *

Бүгін сенің туған күнің, құтты болсын! Жандүниең жарқыраған нұрға толсын! Арманың мен мақсаттарың орындалып, отбасың мен жақындарың аман болсын! Жүзіңнен күлкі кетпесін, қуаныштарың көп болсын! Ғұмырлы бол!

* * * * * * * * *

Туған күнің құтты болсын, жаның жаздай жадырап, көктемдей нурлана берсін! Қыстай мықты денсаулық, күздей жарқыраған алтындай өмір тілеймін! Бақыттың базарында, Алланың назарында бол!

* * * * * * * * *

Құтты болсын туған күнің бүгінгі! Жасыңа жас қосып, басыңа бас қоса бер! Аспанда қанша жұлдыз болса соншама бақыт пен шаттық үйіңнен кетпесін! Жүзің жайнап, көңілің жадырасын! Ғұмырлы бол!

* * * * * * * * *

Туылған күніңмен құттықтаймын! Саған әлемдегі барлық жақсылықты тілеймін! Өмірің пойыз жолдың жолындай ұзақ болсын! Басыңнан бақ кетпесін! Барлық қуаныштар мен жақсылықтар үйіңнен табыла берсін! Амандық пен саулық болсын!

* * * * * * * * *

Бүгінгі келіп жеткен туған күніңмен құттықтаймын! Туған күнің қуаныш пен бақ сыйласын! Өміріңде барлық жақсылықтар орын алып, жүзің жайнай, жарқырай түссін! Денсаулығың мықты болып, жүзіңнен қуаныш кетпесін! Бақытты бол!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу