«Климаттың ғаламдық өзгеруін компьютерлік модельдеу». Биология, 11 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:«Климаттың ғаламдық өзгеруін компьютерлік модельдеу»
Оқу мақсаты: 11.3.2.1 - мүмкін болатын климаттың жаһандық өзгеру салдарын болжау жасай алады
Ғаламдық жылыну —жердің бетіндегі орташа температураның артуы. Соңғы жүз жылда температурасы шамамен 0, 6 ºС-қа артты. Ауаны ластау, өнеркәсіп санының артуы, ормандарды кесу, жанартаулардың атқылауы және Күндегі өзгерістер, адамның әр түрлі әрекеттері ғаламдық жылынудың басты себептері болып тұр.
Ғаламдық жылынуды дәлелдейтін фактілер:
Температураның көтерілуі
Ақырғы 150 жылдардың ішінде температура 0,7°С шамасында көтерілді.
Мұзайдындардың еруі
Климаттың жылуына байланысты Арктика, Антарктика және Гренландия мұзайдындары ери бастады.
Ғаламдық жылынуды дәлелдейтін фактілер:
Әлемдік мұхиттардың деңгейлерінің көтерілуі
Жер бетінде судың деңгейі 10-20 см көтерілді.
Ғаламдық жылынуды дәлелдейтін фактілер:
Ғаламдық жылынуды дәлелдейтін фактілер:
Жер бетінің құрғауы
Құрғақшылықтың артуы, шөл мен шөлейтті аймақтардың көбеюі
Годдард атындағы (NASA, GISS, АҚШ) космостық зерттеу институтында Ғаламдық жылынуға байланысты жасалған құрғақшылыққа ұшырайтын аймақтар болжамы көрсетілген
Ғаламдық жылынуды дәлелдейтін фактілер:
Жердің бетінің құрғауы
Температураның тек 3°С көтерілуі, 400 миллион адамды ашаршылыққа әкеліп, өміріне қауіп төндіреді
Берілген графиктер, кестелер және деректер бойынша болжам жасаңыздар
Берілген графиктер, кестелер және деректер бойынша болжам жасаңыздар
Берілген графиктер, кестелер және деректер бойынша болжам жасаңыздар
Ғаламдық жылынудың нәтижесінде мұз қабаттары еруде. Мұз қабаттары дегеніміз — жердің қар мен мұз қаптап жатқан бөліктері. Мұздықтар мұзының қалыңдығы 1000 м-ден жоғары, аумағы 51 800 км² болады. Мұз қабаттарының еруі нәтижесінде теңіз деңгейлері артуда. Арктикалық теңіздердің мұздықтары да ғаламдық жылынудың әсерінен төмен тұсуде. Төмен түсудің қазіргі деңгейі әр онжылдықта 8%-ға тең болып тұр. Бұл 2060 жылға қарай жер бетінде Арктикалық теңіздердің жойылатынын білдіреді.
Парниктік эффектің Жер тұрғындарына алып келер зардабы ұшан теңіз. Сондықтан осы күрделі мәселелер жөнінде адамзат алдын ала тиімді шаралар қабылдамаса, жердегі өмір – тіршілікке үлкен қатер туындауы мүмкін.
Ғаламдық жылыну қандай апатқа әкеледі?
Жаңа ортаға бейімделе алмаған биологиялық түрлердің жаппай жойылуы
Температураның жылынуына және мұзайдындардың еруіне байланысты кейбір жануарлар мүлдем біздің экожүйемізден жойылып кету қаупінде: итбалықтар, ақ аюлар
Кейбір жануарлар - аққұтан, үлкенбасты тасбақа өздерінің миграцияларын өзгерткен.
Температураның өзгеруіне байланысты экоқоректе болатын планктондардың азаюы тікелей Шотландық теңіз құстарының санының кемуіне әсер етті.
Ал кейбір жануарлардын жынысы тікелей температураға байланысты, мысалы тасбақалардың барлығы аналық жынысты болып туады.
Ресурстар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру