«Климаттың ғаламдық өзгеруін компьютерлік модельдеу». Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ: | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сыныбы: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақ тақырыбы | «Климаттың ғаламдық өзгеруін компьютерлік модельдеу» | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Оқушылар орындай алады: 11.3.2.1 - мүмкін болатын климаттың жаһандық өзгеру салдарын болжау жасай алады | ||||||
Сабақ мақсаты | Климаттың жаһандық өзгеруіне компьютерлік модель жасай алады | ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар орындай алады: | ||||||
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: Климаттың жаһандық өзгеруі салдарын аргументтеу және түсіндіру үшін сәйкес келетін терминология мен сөйлемдер жиынтығын қолданады. Пәнге қатысты лексика мен терминология жылыжай эффектісі, климат өзгеруі, қышқылдану (теңіздерде) бейімделушілік, шөлге айналу, қуаңшылық, жойылу, мұздықтардың еруі, ауа райының экстремалды жағдайлары, мекен ету ортасының жойылуы, теңіз деңгейі, нақтылық, корреляция, есептеу, кері байланыс. Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы Х тобы болжайды, Ү болу, себебі .... Ү-ң зерттеулерін негізге ала отырып, Х тобы осындай қорытындыға келді, … | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақ оқушылардың бойында келесі құндылықтарды академиялық адалдығын, жауапкершлігі мен көшбасшылығын, ұжымда жұмыс жасау қабілеттерін дамытуға бағытталады. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Химия, география, физика | ||||||
Алдыңғы білімдер: | Биосфера, экожүйе, популяция: 7 - 10 сыныптар. Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері: 7 - 10 сыныптар. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-5 минут
5-10 минут | Оқушылармен амандасу Оқушыларды түгендеп, оқушаларға мұз кесектерін алып, петри табақшасына салып, үстіне май шамды жағып жақындатуды сұраңыз. Оқушылардың басым бөлігі сабақтың тақырыбымен байланыстырады. Оқушыларға климат өзгеруінің тірі организмдерге әсерінің мысалдардың тізімі жасауды ұсыныңыз. Температураның тек бір ғана градусқа жоғарылауының өзі қолтырауын және тасбақа ұрығы жынысының өзгеруіне әкеледі; мұздықтардың еруі поляр аюларының жойылуына әкеледі; су температурасының жоғарылауынан маржандар түссізденеді себебі оларда симбиотикалық тіршілік ететін балдырлардың жойылады. | ||||||
Сабақтың ортасы 10-30 30-35 минут | Мағынаны тану: Алдыңғы сабақта өткен Жаһандық жылынуға әкелетін дәлелемелер мен болжамдарды жазылған мәтінді бере отырып, жұпта климаттың жаһандық жылынуына компьютерлік моделін жасауды тапсырыңыз NASA сайтының Сілтемеде берілген «Interactives» бөліміне өтіп, 1884 жылдан бергі мәліметтер келтірілген 4 интерактивті модельді табуға болады. Картаның төмен бөлігіндегі шкаланы қозғау арқылы, бүгінгі күнге дейінгі Жер шарындағы өзгерісті көруге болады. Бағалау критерийлері:
| Жаһандық жылыну туралы нақты мәліметтер келтірген НАСА сайты https://climate.nasa.gov Халықаралық экологиялық портал http://www.ecolife.ru/index.shtml | |||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия мұғалімнің сұрақ қоюы негізінде жүзеге асады:
| ||||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақтың ой-қозғау бөлімінде әр түрлі деңгейде жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктеріне сәйкес жақын арадағы даму аймағы анықталады. Оқушылардың алған білімдерін тексеру барысында оқушылардың қабілеттері ескеріле отырып әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қойылады. | Сабақтың ой қозғау бөлімінде «Блум түймедағы» әдісі қолданылады. Оқушылар мұғалімнің нұсқау картасын негізге алып, сыныптастарын бағалайды. Мағынаны тану кезеңінде карточкалардағы тапсырмаларды орындау арқылы жақын арадағы даму аймағы айқындалады. | Сыныпта қозғалу барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру