Астанаммен мақтанам. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


Тарау: Сәулет өнері

Сабақ тақырыбы: Ермек Өтетілеуов «Мақтанамын Астанаммен»

Оқу мақсаттары:

3.2.1.2 Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу

3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру;

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: шығарманы іштей саналы түрде қажетті ақпаратты тауып түсініп оқи алады.

Көптеген оқушылар: шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден ақпарат таба алады.

Кейбір оқушылар: нақты ақпаратты табады және ақпаратты сызба түрінде бере алады.

Бағалау критерийлері:

  • Өлеңнен қажетті ақпаратты тауып оқиды.
  • Өлең мазмұнына сәйкес мәліметтер табады.
  • Өлеңдегі нақты ақпаратты сызба түрінде береді.

Сабақ барысы

Сабақтың басы: Сынып оқушыларын «Мозайка» әдісі арқылы топқа біріктіреміз. Лазер сағат, Атырау көпірі, ЭКСПО шары, Нұрлы жол вокзалы -4 топ құру.

«Жалғастыр...» әдісі бойынша «АСТАНА» бас әріптерге сөйлем жазу арқылы сабаққа болжам жасалады.

Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз идеяларын айтуға үйренеді.

(Б) «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Оқушылар тапсырманы орындап ортада оқиды, Астананы қаншалықты суреттей алғанын бағалау

Сабақтың ортасы: «Болжау» стратегиясы

Тиімділігі: оқи отырып, ашық сұрақтар арқылы шығарма идеясын, қажетті ақпаратты табады.

2- тапсырма

Автор және оның шығармашылығымен қысқаша таныстырылады. Ермек Өтетілеуовтің «Астанаммен мақтанам» өлеңін «Болжау» стратегиясы бойынша өлеңді іштей саналы түрде түсініп, қажетті ақпаратты тауып оқиды, тақырыбын болжайды. Оқи отырып, шығарманың негізгі ойын, «ашық» сұрақтар арқылы шығарманың идеясын анықтайды. Мұғалім қойған сұрақтарға жауап беру барысында қажетті ақпаратты табады, өлеңді қайта оқып шығады, түсініксіз сөздермен жұмыс жасалды.

Үлгі:

1. Арқаны бойлай Есіл жағасында орналасқан қала?

2. Ашық аспан астында күн санап қала қалай өзгеріп келеді, жаңа ғимараттарды атай аласың ба?

3. Қаланы көркейткен зергерлер қай жақтардан келген?

4. Ақын неге Астананы алып көрмеге теңеді ?

3-тапсырма

«Ой бұлты» әдісіне сүйене отырып «Көрікті Астанам» тақырыбына топта бірлесе отырып, мәтін құрастырады. (8-10сөйлем)

Әр топқа 5-тапсырмадағы суреттер таратылып беріледі. Әр топқа 1 суреттен таратылады. Берілген сурет жайында қаншалықты білетінін , сауатты ойын 7-8 сөйлеммен жеткізуін байқау. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

-суреттегі бейне атауын біледі;

- бейнені сипаттай алады;

- бейне жайлы өз білгенін жаза алады;

4- тапсырма

Кестемен жұмыс жұппен орындалады. Оқушылар берілген тапсырманы орындау үшін дереккөздерден (кітап, ғаламтор т.б.) мәліметтер жинастырады. Онан соң жұппен ақылдасып, жинастырған мәліметтерін кестеге сүйеніп толтырады. Өз бетінше дереккөздерден мәлімет жинау икемділігін анықтау және кестені жұпта бірлесіп, ой бөлісе отырып толтыру қадағаланады.

Жұмыстарын қорытындылау үшін Астана - арман қала. - iTube - Qazaqstan бейнебаянды тамашалайды.

(Б) «Отшашу» әдісі арқылы жазған мәліметтерін бағалайды.

5-тапсырма

Өлең жолдарын ақын ойымен өрбітіп әңгімелеп дәптермен жұмыстағы кестеге жазады. 1,2- топ 1- өлең жолына, 3,4-топ 2- өлең жолына жазады. Әр оқушының өз ойын білдіруі, сөйлемдерді қатесіз жазылуы қадағаланады.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушылар қабілеті жоғары оқушылармен бірге жұмыс жасап, ақын ойымен өрбітіп өз идеяларын айтуға үйренеді.

(Б) « Шапалақ» әдісі арқылы бағалау

Бүгінгі сабақтағы ойымен бөлісу үшін «Бір сөзбен» әдісі бойынша бір ауыз сөзбен оқушылар Астанаға айтар тілегін білдіреді.

Саралау.уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады. Оқушылар өз ойларын еркін айтуға жаттығады.

(Б) мұғалімнің топтарды бағалауы.

Сабақтың соңы:«Отшашу» кері байланысын пайдалануына болады. Тақтада ілініп тұрған Лазер сағатқа әр оқушы мұғалім таратқан түрлі-түсті жұлдызшаларға сабақ туралы ойларын жазып, оқып, іледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу