Астанаммен мақтанам. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Сәулет өнері

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп - лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Астанаммен мақтанамЕрмек Өтетілеуов «Мақтанышым -Астанам»

Оқу мақсаты

3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру;

3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: өлеңнің мазмұнын түсінеді;

Көптеген оқушылар: шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден ақпарат таба алады, өлеңді мәнерлеп оқи алады;

Кейбір оқушылар: ақпаратты сызба түрінде бере алады.

Бағалау критерийлері

  • өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;
  • өлең бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • өлеңнен қажетті ақпаратты тауып оқиды;
  • өлең мазмұнына сәйкес мәліметтер табады;
  • ақпаратты сызбаға түсіреді.

Тірек сөздер

Оқушылар:

Астана туралы өз ойын айта алады. Өзінің тұрған көрікті жерлері туралы әңгімелейді, басқа қалалармен салыстыра алады. Суретке қарап мәтін құрап жаза алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Целиноград, ғимарат, құрылыс, сәулет, қызу еңбек.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Астанаға айтар тілегім бар, себебі ....

Астана көркейіп келеді, себебі ...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық адалдық, ұйымшылдық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Сурет бойынша мәтін құрастырып жазу барысында қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болады. Астана тарихын әңгімелеуде дүниетану пәнімен байланыс пайда болады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Оқушылар 2-сыныпта «Менің туған өлкем» ортақ тақырыптың аясында бірнеше тақырыптарды қарастырған болатын. Оқушылар Астана туралы біледі. Астананың жаңа салынған көрікті орындарын атай алады. Бар білімді белсенді ету оқушылар өлеңдегі суреттерді пайдаланып, оларды салыстыратын топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылады. Өлең жанрының ерекшелігін, ұйқасқа құрылатынын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 минут

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды Астананың жаңа көрікті жерлерін «Мозайка» әдісі арқылы құрастыртып 4 топқа біріктіреміз.

1-топ: «Нұрлы жол»

2-топ: «ЭКСПО шары»

3-топ: «Атырау көпірі»

4-топ: «Лазер сағат»

Оқушылар қима суреттерді таңдап және оны құрастыру арқылы топтарға бірігеді.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

«Нұрлы жол» вокзалы, ЭКСПО шары , Атырау көпірі, Лазер сағатының қима суреттері, интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

3-7 минут

7-19минут

20-24 минут

25-29минут

30-34

35-37 минут

  • 1-тапсырма

(МК, Ж, ОТ) «Жалғастыр...» әдісі бойынша берілген дыбыстардан басталатын сөйлемдер ойластырып жазады. Үлгі:

А- алып- Ханшатыр

С- символы- Бәйтерек

Т- тұғырлы- Туы

А-асқақтаған- Әнұраны

Н-нұр шашқан- Қазақ елі монументі

А- арман қала- Астана

Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз идеяларын айтуға үйренеді.

(Б) «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Суретпен жұмыс

Ермек Өтетілеуов – балалар ақыны, аудармашы.

1938 жылы 1 каңтарда Ақмола (қазіргі Астана) қаласында туған. Республикалық «Жалын», «Жазушы», «Балдырған» баспа журналында еңбек істеген.  Осы үш көркем әдебиет баспаларында жиырма жылдан астам уакыт жұмыс жасаған баспагердің қолынан жүздеген жинақтар мен жеке кітаптар жазған. Ақынның шығармашылығы бірыңғай балаларға арналғандықтан, оның редакторлық қызметі де жас оқырмандар үшін жазылған көркем әдебиетпен тікелей байланыста болады.

"Баспа және полиграфия ісінің қайраткері" құрмет белгісімен марапатталған.

2- тапсырма

(Ө, С, Қ) Ермек Өтетілеуовтің «Астанаммен мақтанам» өлеңін «Болжау» стратегиясы бойынша өлеңді мәнерлеп, қажетті ақпаратты тауып оқиды, тақырыбын болжайды. Оқи отырып, шығарманың негізгі ойын, «ашық» сұрақтар арқылы шығарманың идеясын анықтайды.

Үлгі:

1. Арқаны бойлай Есіл жағасында орналасқан қала?

2. Ашық аспан астында күн санап қала қалай өзгеріп келеді, жаңа ғимараттарды атай аласың ба?

3. Қаланы көркейткен зергерлер қай жақтардан келген?

4. Ақын неге Астананы алып көрмеге теңеді ?

Осы ретпен сұрақтарға жауап алынады, болжамымен салыстырылады. Өлеңді қайта шолып оқуға уақыт беріледі. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.

Астана - арман қала. - iTube - Qazaqstan бейнебаянды тамашалап, өлең мазмұнымен салыстырады.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;

өлең бойынша сұрақтарға жауап береді;

өлеңнен қажетті ақпаратты тауып оқиды;

өлең мазмұнына сәйкес мәліметтер табады;

ақпаратты сызбаға түсіреді.

3-тапсырма Суретпен жұмыс

(ОТ, МК, Т) Әр топқа 5-тапсырмадағы суреттер таратылып беріледі. «Ой бұлты» әдісіне сүйене отырып «Көрікті Астанам» тақырыбына топта бірлесе отырып, мәтін құрастырады (8-10сөйлем)

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды.

4 - тапсырма (кестемен жұмыс)

(ОТ, Ж) Тапсырма жұппен орындалады. Оқушылар берілген тапсырманы орындау үшін оқушылар дереккөздерден (кітап, ғаламтор т.б.) мәліметтер жинастырады. Онан соң жұппен ақылдасып, жинастырған мәліметтерін кестеге сүйеніп толтырады.

Астананың бұрынғы атауы

Қай жылы Астана атанды?

Бәйтеректің биіктігі қанша метр және неге солай?

Астана қай өзеннің жағалауында орналасқан?

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Жұптар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау

5-тапсырма (дәптермен жұмыс)

,Т) Өлең жолдарын ақын ойымен өрбітіп әңгімелеп жазады. 1,2- топ 1- өлең жолына, 3,4-топ 2- өлең жолына жазады.

Өлең жолдары

Ақын ойын өрбітіп әңгімеле

1. Қызу еңбек қайнаған,

Алып құрылыс айналам.

2.Астана – алып көрмесі,

Әсем сәулет өнері

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушылар қабілеті жоғары оқушылармен бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді.

(Б) «Шапалақ» әдісі арқылы бағалау

6-тапсырма

(ОТ, Ж ) «Бір сөзбен» әдісі бойынша бір ауыз сөзбен оқушылар Астанаға айтар тілегін білдіреді.

Саралау.уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушылаға ұсынылады. Оқушылар өз ойларын еркін айтады.

) мұғалімнің топтарды бағалауы.

«АСТАНА» сөзі жазылған

парақтар, интербелсенді тақта,маркер,слайд № 4

Ақын суреті және шығармалары,

интербелсенді тақта, слайд № 5,6

Оқулық 98-101бб, интербелсенді тақта, түсіндірме сөздік , слайд № 7

Түсіндірме сөздік

https://itube.kaztrk.kz/kz/videos/.../astana-arman-qala-nurly-alem/

Астананың көрікті жерлерінің суреттері, А3 қағаз, маркер,

слайд № 8

Кесте жазлыған қағаз, маркер, түрлі кітаптар, телефон, т.б., слайд № 9

Дәптер, слайд № 10

Слайд №11

Сабақтың соңы

38-40 минут

«Отшашу» кері байланысын пайдалануына болады. Тақтада ілініп тұрған Лазер сағатқа әр оқушы мұғалім таратқан түрлі-түсті жұлдызшаларға сабақ туралы ойларын жазып, оқып, іледі.

Әр түсті жұлдызшалардың суреті, Лазер сағатының суреті, слайд №12

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Болжау, Жалғастар» әдістер арқылы тапсырмалары орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Ойымызбен бөлісейік» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бағдаршам», «От шашу», «Шапалақ» әдісі

Дескриптор:

-өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;

• өлең бойынша сұрақтарға жауап береді;

• өлеңнен қажетті ақпаратты тауып оқиды;

• өлең мазмұнына сәйкес мәліметтер табады;

• ақпаратты сызбаға түсіреді

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу