Қайталау. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Сәулет өнері

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп- лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қайталау Нені үйрендім? (жазба жұмысы)

Оқу мақсаттары

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:суретке сүйене отырып, мәтін құрай алады.

Көптеген оқушылар: мәтінді толықтырып жаза алады.

Кейбір оқушылар: жіберілген орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзете алады.

Бағалау критерийлері

-мәтінді мазмұнына сәйкес сөйлемдерді толықтырады;

- мәтіннің стилін сақтайды;

- мәтіндегі грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

- мәтіндегі пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді.

Тірек сөздер

Оқушылар:

Астана тарихы туралы біледі. Суреттерге сүйене отырып, Астана тауралы мәтін құрай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Астана тарихы, Пирамида, Бәйтерек, Ханшатыр, Ескі Астана, ғимарат, құрылыс, бас қала.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Астанам- бас қалам ,себебі ...

Ескі Астанадан қазіргі Астана өте көрікті, себебі ...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық туған жерге деген құрмет, ұйымшылдық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Суреттегі ғимараттарды тануы, ажырата алуы барысында дүниетану пәнімен байланыс пайда болады. Жоспарға сүйене отырып, мәтін құрап жаза алуы барысында қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Сәулет өнеріне қатысты бірнеше тақырыпты қарастырды. Мәтін бойынша сұрақ құрастыра алады. Жоспар бойынша мәтін құрастырып, өз ойын қатесіз жаза алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды әр елдің аттарымен өз таңдауы бойынша 5 топқа біріктіреміз.

Үлгі:

1-топ: «Түркия»

2-топ: «Корея»

3-топ: «Үндістан»

4-топ: «Франция»

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

Қалалар атаулары

Слайд №1-3

Сабақтың ортасы

4-10 минут

11-16 минут

17-27 минут

28-34 минут

1-тапсырма

(МК,Ж,ОТ) «Болжау» стратегиясы бойынша интербелсенді тақтада «Шетелдік қонақтар EXPO» бейнебаянын көреді, ой бөліседі, тақырыпқа болжам жасайды .

Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз ойларын айтуға үйренеді.

(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

2- тапсырма

(Ө) «Кір жайғыш» әдісі арқылы өздері әкелген Астананың суреттерін таныстыра отырып, іледі.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

3- тапсырма

(ОТ,МК,Т) «Бірлесіп жазу» әдісі арқылы берілген суреттерді, өздері толықтырған суреттері мен құрылған жоспарға сүйене отырып «Менің Астанам» тақырыбында шетелдік қонақтарға Астананы таныстыру мәтінін құрап жазады.

Жоспар:

  • Астананың тарихы
  • Құлпырған Астанам
  • Бас қаламмен мақтанам

4- тапсырма

(ОТ,Ө, МК) «Түрлі түсті жиектер» әдісімен жазылған мәтінді грамматикалық, пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді.

Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

- мәтінді мазмұнына сәйкес сөйлемдерді толықтырады;

- мәтіннің стилін сақтайды;

- мәтіндегі грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

- мәтіндегі пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді.

https://kazhit.net/watch/ozdYk9fBnHo

парақтар, интербелсенді тақта,маркер, слайд №4

Жіп, қыстырғыш, Астана суреттері,

слайд № 5

Оқулық 118-бет, интербелсенді тақта, түсіндірме сөздік,

слайд №6

Слайд № 7, дәптер

Сабақтың соңы

35-40 минут

Кері байланыс «Шахмат» әдісі

Король: басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Ферзі: бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

Ладья: ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?.

Ат: шынайылылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Піл: Көңіл күй ахуалы.

Пешка: қосарым бар...

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Шахмат тастары, слайд № 8

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1,2,3 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Болжау, Кіржайғыш, Бірлесіп жазу» айдарындағы тапсырмалар орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Түрлі түсті жиектер» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бағдаршам», «Бас бармақ» , «Смалик»

Дескриптор

-мәтінді мазмұнына сәйкес ақпараттармен толықтырады;

-мәтіннің стилін сақтайды;

-мәтіндегі грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

-мәтіндегі пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу