Ат-ер қанаты. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Өнер

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №68 жалпы білім беретін орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетова С.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ат -ер қанаты

«Атқа міндім» Қастек Баянбай

Оқу мақсаттары

3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу

3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды

Көпшілік оқушылар: шығарманы сын тұрғысынан бағалап оқиды

Кейбір оқушылар: шығарма кейіпкеріне хат жазады

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды
  • Шығарманы сын тұрғысынан бағалап оқиды
  • Шығарманың кейіпкеріне хат жазады

Тірек сөздер

Атқа міну, ұлттық ойын

Құндылықтарды дарыту

Топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Өз ойын білдіруде сөздерді дұрыс қолданады, сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстыру арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта,үнтаспа

Алдыңғы білімді игеру

Кейіпкерге баға бере алады, көркем сөздерді қолданады,сұраққа жауап береді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

Топқа бөлу:

1.Ат-ердің қанаты.

2.Жылқы-малдың патшасы.

3.Жылқының сүті-шекер, еті-бал.

4.Жүйрік атқа жел қамшы.

Ширату тапсырмасы:

Үнтаспадан «Тұлпарым»әнін тыңдау

Бірге шырқау

Қосымша 1

Слайд №1-3

Сабақтың ортасы

6-13 минут

14-20 минут

21-27минут

28-37 минут

Автормен танысу

Қастек Баянбай 1936 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Талдыбұлақ ауылында туған. «Балаларға базарлық», «Тәтті сабақ», «Асар» және т.б өлең жинақтарының авторы.

1-тапсырма

(Ж,Т) Түсіну Қастек Баянбай «Атқа міндім» өлеңі

«Стоп кадр» әдісі

Оқушыларға өлең таратылып беріледі. Стоп кадр әдісі арқылы өлеңді мұқият оқиды. Кейіпкерлердің іс-әрекетін айтады. Өлеңді оқып отырған кезде белгілі бір сигнал беріледі, белгі берілген кезде «стоп кадр» деп біреуді түртіп қалғанда тоқтаған жерінде кейіпкердің іс-әрекетін айтады. Мәтін аяқталғанша дейін осылай жалғасады.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыға ұсынылады,бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

ҚБ «Бір- бірін бағалау»

Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысынла нені жақсарту керектігін анықтайды

2-тапсырма

Қолдану (Т) «Оқиғалар желісі» әдісі.

Мұғалім әр топқа оқиға желісі көрсетілген сурет қиындыларын беріп, суреттерді ретімен орналастыруды тапсырады.Оқушылар оқиға желісін ретімен орналастырады.

Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.

ҚБ «Смайликтер»

3-тапсырма

(Ө,Т) Талдау «Дөңгелек үстел» әдісі

Алғаш атқа мінген балаға хат жаз.

Сөйлем саны топ мүшелерінің санына қарай шектеулі, мысалы, топта 5 оқушы болса хат тек 5 сөйлемнен құралуы керек.

Топ мүшелерінің біріншісі хаттың алғашқы сөйлемін жазып, жанындағы оқушыға береді, ол оқушы хаттың екінші сөйлемін жазып келесі оқушыға береді, ол оқушы да үшінші сөйлемін жазып келесіне береді. Осылайша топ мүшелері бірінің жазғанын бірі толықтырып ортақ 1 хат жазып шығады

Саралау: Кейіпкерге хат жазу бағалау арқылы саралау жүргізіледі. Барлығына бірдей кейіпкерге хат жазу деген тапсырма беріледі

ҚБ «Қол шапалақтау»

Тапсырманы өте жақсы деңгейде орындаған оқушыны қол шапалақтау арқылы бағалау

4-тапсырма

) Жинақтау

Жырдың мазмұны бойынша қандай сурет салауға болатыныны оқушылардан сұралады. Оқушылар топта бірлесіп сурет салады. «Галереяға шарлау» әдісі бойынша топтардың жұмысын аралап қарайды, салған сурет бойынша сұрақтарын стикерге жазады.

Сұрақтар:

-Баланың алғаш атқа мінгенін өлеңнің қай шумақтарынан аңғардың?

-Алғаш атқа мінген бала қандай сезімде болады?

-Бала аттан қорыққанын неге сездіргісі келмеді?

Саралау: Тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді.Барлық оқушылар бағаланады

ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек»

Екі жұлдыз-Жұмыстарындағы ұнағаны

Бір тілек-Жақсартуға болады

Қосымша 2

https://www.google.kz/search?q=қастек+баянбай+суреті

Слайд №4

Оқулық 31-33 беттер

Қосымша 3

https://www.google.kz/search?q=картинки+детские+лошадь

Слайд №5

Қосымша 4

Слайд №6

Сабақтың соңы

38-40 минут

«Үш көмекші» әдісі 

1.Әр оқушы алдыларынан үш стикерден алады.

2.Бірінші стикерге білім алушылар бүгінгі

сабақтан не сезінгендерін жазады да жүректің астына іледі (жабыстырады).

3.Екінші стикерге білім алушылар сабақта бастары арқылы не ойланғандарын жазып, бастың астына іледі (жабыстырады).

4.Үшінші стикерге сабақта қолдары арқылы не істеді, не істеп үйренді соны жазып қолдың астына іледі (жабыстырады).

Слайд №7

Қосымша 5

Саралау

1-тапсырмада

Тапсырма барлық оқушыға ұсынылады,бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

2-тапсырмада

Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі

3-тапсырмада

Кейіпкерге хат жазу бағалау арқылы саралау жүргізіледі. Барлығына бірдей кейіпкерге хат жазу деген тапсырма беріледі

4-тапсырмада

Тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді.

Барлық оқушылар бағаланады.

Бағалау

«Бір- бірін бағалау» әдісі

«Смайликтер» әдісі

«Қол шапалақтау» әдісі

«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі

Дескриптор

-шығарманы түсініп оқиды

-шығармадан қажетті ақпаратты табады

- сұрақтардың негізінде ой бөліседі

-кейіпкерге өзіндік көзқарасын білдіріп хат жазады;

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топ ережесін сақтау ескеріледі

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу