«Қазақ биі» Шара Жиенқұлова. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Өнер Күні: Сынып:3 | Мектеп: Астана қаласы, №68 жалпы білім беретін орта мектеп Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетова С.А Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | «Қазақ биі» Шара Жиенқұлова | |||||||||
Оқу мақсаты | 3.1.4. 2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану 3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру | |||||||||
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, мазмұны бойынша сұрақтар қояды Көптеген оқушылар: сөйлеу барысында шығарма мазмұны бойынша суреттерді қолданады Кейбір оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды және жауап береді | |||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||
Тірек сөздер | Қазақ биі, ұлттық би,өнер | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Мәтінді оқу барысында құрмет құндылығын дарыту; Топтық жұмыс барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру: | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өз ойын білдіруде сөйлемдегі сөздердің байланысын, сөйлем түрлернің тыныс белгілерін дұрыс қолданау арқылы қазақ тілімен байланыс жасалады. | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||
Алдыңғы білімді игерулері | Мәтінді түсініп оқиды.Мәтіндегі негізгі ойды анықтайсың | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 1-5 минут | Ширату тапсырмасы «Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!» Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінде өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек. Тілектерді бір-біріне топ ішінде де айтуға болады. Топқа бөліну 1-топ Бишілер 2-топ Ақындар 3-топ Жазушылар 4-топ Әншілер | Қосымша 1 Слайд №1-3 | ||||||||
Сабақтың ортасы 6-16 минут
17-24 минут
25-30 минут 31-37 минут | Шара Жиенқұлова (1912-1991) Алматы қаласында туған. Қазақ би өнерін дамытуға үлкен үлес қосқан. Ол 16 жасында «биші қыз» атанған 1- тапсырма (Ж,ЖЖ) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі. Шара Жиенқұлова «Қазақ биі» мәтінін оқушылар оқи отырып, қажетті ақпаратты белгілеп отыру тапсырылады. Өз бетінше оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі. Мәтіннен қажетті ақпаратты алу үшін оқушылар стикермен белгілеп отырып оқиды. Белгілеп алынған қажетті ақпаратқа стикерлер жапсырылады. Оқушылар өзінің мәтіннен стикермен белгілеп жинаған мәліметтерін көршісімен бөліседі. Кестені толтыр
Саралау: Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, түйінді ойды, тақырыпты ортаға салып талқылайды. ҚБ Түстер(жасыл,қызыл) арқылы бағалау Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалау арқылы әр оқушы өз жұмысында нені толықтыру керек, қандай өзгертулер енгізу керектігін анықтайды 2-тапсырма «Модельдеу» әдісі Бишілер: Топтағы оқушылар «Қара жорға» биін билеу Ақындар: Тақырыпқа байланысты өлең құрастыру Жазушылар: Би өнері қалай пайда болды? (анықтамалық кітаптарды қолдану, іздену) Әншілер: Топпен ел арасында көп тараған, кеңінен таныс әннің бір шумағы мен қайырмасын айту немесе домбырада күй тарту Саралау:. Белсенді тыңдау, талқылаудың көп жақтарын көрсетеді. ҚБ «Топ белсенділіктерін бақылау» Топпен жұмыс және ұжыммен жұмыс кезінде тапсырманы орындау барысында топ мүшелерінің бірлесіп жұмыс жасауы мен белсенділіктерін бақылай отырып тапсырманың орындалуын бағалау. 3-тапсырма (ЖЖ) «Ашық микрофон» әдісі «Өнерпаздар» өлеңін үнтаспадан тыңдату. Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, тақырыпқа байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді. -Сыныбыңда өнерпаз балалар бар ма? -Өнерпаз дегенді қалай түсінесің? -Би өнерінің қандай ерекшелігі бар? -Әнші болу үшін не істеу керек? Саралау: Оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыланады. Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады ҚБ «Бір- бірін бағалау» Топтар бір-бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды 4- тапсырма (Т,Ұ) «Сурет сал» әдісі Оқушыларға тақырыпқа байланысты сурет салу ұсынылады. Бірлесе отыра топпен жұмыс жасайды. Дайын болған суреттерін топ алдында таныстырады. Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдайды, толықтырады. ҚБ «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалау. | Қосымша 2 Слайд №4 https://www.google.kz/search?q=шара+жиенқұлова+суреті Оқулық 26-28 беттер стикер Слайд №5 Қосымша 3 Слайд №6 Қосымша 4 Түсіндірме сөздік | ||||||||
Сабақтың соңы 38-40 минут | «Шеринг» әдісі Өткен тақырып бойынша ойларын жинақтайды, пікір алмасады. Барлығы шеңберде тұрады, жүргізуші бастап, кезекпен барлығы тақырып бойынша түйінді ойды қорытындылайды. Идеялар қайталанбау керек. «Бағдаршам» Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету: Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым. Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды. Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті |
Слайд №7 Қосымша 5 | ||||||||
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
1-тапсырма Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, түйінді ойды, тақырыпты ортаға салып талқылайды. 2-тапсырма Белсенді тыңдау, талқылаудың көп жақтарын көрсетеді. 3-тапсырма Оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыланады. Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады 4-тапсырма Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдайды, толықтырады. | -Түстер(жасыл,қызыл) арқылы бағалау -«Топ белсенділіктерін бақылау»әдісі -«Бір- бірін бағалау»әдісі -«Қол шапалақтау» әдісі Дескриптор -мәтінді жүйелі мазмұндайды -сөйлеу барысында иллюстрацияларды тиімді қолданады - мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады - мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді | Сынып ішінде қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.
| ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?