Есеннің кірпісі. Сапарғали Бегалин «Есеннің кірпісі». 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Жанды табиғат

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп -лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Г. А. Оразбекова

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Есеннің кірпісі. Сапарғали Бегалин «Есеннің кірпісі»

Оқу мақсаты

3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу;

3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: шығарма тақырыбын анықтай алады;

Көптеген оқушылар: шығарманың негізгі ойын анықтайды.

Кейбір оқушылар: көркем шығарманы басқа үлгі нұсқамен салыстыра алады.

Бағалау критерийлері

  • мәтін тақырыбын біледі;
  • мәтінді түсініп оқиды;
  • мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді, бөлікті анықтайды;
  • әңгімеден табиғат суреттелген бөлік пен сурет ұқсастығын анықтайды;
  • әңгімеден табиғат суреттелген бөлік пен сурет айырмашылығын сипаттайды.

Тірек сөздер

Оқушылар:

Мәтінді түсініп оқиды. Мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді, бөлікті анықтайды. Әңгімеге қатысты сурет сала алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Қызғылт бүлдірген, дөңгелене өскен,электр жарығы, асыранды кірпі, кереует,мандолина.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Есен кірпісіне қандай азық дайындайды деп ойлайсың?

Есеннің әрекетіне өз көзқарасыңды білдір.

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады

Пәнаралық байланыстар

Әңгімеден табиғат суреттелген жолды тауып, оған сай сурет салуы көркем еңбек пәнімен байланыс пайда болады.Кірпі туралы білетіндерін айта алуы дүниетану пәнімен байланыс пайда болады.

АКТ қолдану дағдылары

Интерселсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Оқушылар 2-сыныпта жанды табиғат бөлімінде бірнеше тақырыптарды қарастырған болатын. Оқушылар жануарлар туралы біледі. Бар білімді белсенді ету оқушылар суреттерді пайдаланып, оларды салыстыратын топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылады. Өлең жанрының ерекшелігін, ұйқасқа құрылатынын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды «Пазл» әдісі арқылы жануарлардың қима суреттерін құрастыру арқылы 4 топқа біріктіреміз.

1-топ: «Қоян»

2-топ: «Тасбақа»

3-топ: «Тиін»

4-топ: «Кірпі»

Оқушылар қима суреттерді құрастырып,олар туралы өз білетіндерін айтады, топтарға бірігеді.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру

Жануарлардың қима суреттері, интербелсенді тақт

Сабақтың ортасы

5-9

10-13

14-22

23-27

28-32

33-37

  • 1-тапсырма
  • (МК, Ұ,) суретпен жұмыс

«Иллюстрациялық викторина» стратегиясы бойынша қабырғаға ілінген суреттерге шолу жасайды.

Сабақ тақырыбына болжам жасайды. Таныс суреттердің тақырыбын анықтайды. Кірпі мен бала сурет қалады. Оқушылар бүгінгі сабақ не жайында болады деп ойлайсыңдар? (болжау)

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

(МК, ОТ, ЖЖ)Автор туралы

«Пікірлер ағашы» стратегиясымен Сапарғали Бегалин туралы не білетінін ағащқа жазады. (алдын ала берілген тапсырма)

1. Ол кім?

2. Қайда туған

3. Қандай қызмет атқарған?

4. Қандай шығармаларын білесің?

Толықтыру:

Сапарғали Бегалин- балалар жазушысы, ақын. (1895-1983) Шығыс Қазақстан облысында туған. Шоқан Уалиханов туралы жазған «Шоқан асулары» атты кітабы бар.

2- тапсырма

(Ұ; Т, МК) «Бағытталған оқу» әдісімен мұғалім екі азат жолды оқып береді. «Оқиғаның жалғасы қалай болады?» оқиғаны оқушылар жалғастырады. Мәтінді түсініп оқып шығады.

  • Мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді, бөлікті анықтайды;
  • Мәтіндегі ақынның табиғатты суреттеген жолын табады, сурет салады;
  • Салған суреті мен әңгімеден табиғат суреттелген жолын салыстырады.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

  • мәтін тақырыбын біледі;
  • мәтінді түсініп оқиды;
  • мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді, бөлікті анықтайды;
  • әңгімеден табиғат суреттелген бөлік пен сурет ұқсастығын анықтайды;
  • әңгімеден табиғат суреттелген бөлік пен сурет айырмашылығын сипаттайды.

3-тапсырма

(МК, ЖЖ) «Үш қадамдық сұхбат» әдісі арқылы Есеннің іс-әрекетіне өз көзқарастарын білдіреді. Мәтінге басқалай ат қояды.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды.

4 - тапсырма

( МК, Ө) «Венн диаграмма» әдісімен сызбаны пайдаланып, көрген оқиғалары мен әуен тыңдаған кірпіні салыстырады.

Үлгі:

1. Әуен тыңдаған кірпі-домаланып келді, әуенді тыңдады, дыбысты аңғарды, өлең ырғағын сезді.

2. Менің мысығым- теледидар алдына жатады, экранға қарайды, Том және Джеримультигін ұнатады.

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Шапалақ» әдісі арқылы бағалау

5 тапсырма

( МК, Ө) «Қосжазба күнделігі» әдісі бойынша оқушылар мәтінге сүйене отырып дәптерге шағын әңгіме жазады. (4-5 сөйлем)

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Жұпта, топта бір – бірімен ой бөліседі, бірін-бірі тексереді.

(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

Оқулықтың 5-бетіндегі суреттер, слайд №4

Ақын суреті және шығармалары,

интербелсенді тақта., ағаш сурет,слайд №5.

Оқулық 9-11-бб, интербелсенді тақта, түсіндірме сөздік , слайд № 6

7

А3 парағы, маркер, слайд № 7

Сызба, интербелсенді тақта,слайд № 8

Слайд №9, оқулық

Сабақтың соңы

38-40

«Тазалық» кері байланыс: бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)

Слайд

№10

0

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде ««Пазл», «Иллюстрациялық викторина», «Пікір ағашы» әдістер арқылы тапсырмалары орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Қозжазба күнделігі» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бағдаршам», «От шашу», «Смайлик», «Бас бармақ» әдісі

Дескриптор:

  • мәтін тақырыбын біледі;
  • мәтінді түсініп оқиды;
  • мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді, бөлікті анықтайды;
  • әңгімеден табиғат суреттелген бөлік пен сурет ұқсастығын анықтайды;
  • әңгімеден табиғат суреттелген бөлік пен сурет айырмашылығын сипаттайды.

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, к\

елесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу