алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Сапарғали Бегалин Есеннің кірпісі. 3 сынып


Сабақ тақырыбы№3 Есеннің кірпісі. Сапарғали Бегалин Есеннің кірпісі

Оқу мақсаты

3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу;

3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: шығарма тақырыбын анықтай алады;

Көптеген оқушылар: шығарманың негізгі ойын анықтайды.

Кейбір оқушылар: көркем шығарманы басқа үлгі нұсқамен салыстыра алады.

Бағалау критерийлері

мәтін тақырыбын біледі;

мәтінді түсініп оқиды;

мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді, бөлікті анықтайды;

әңгімеден табиғат суреттелген бөлік пен сурет ұқсастығын анықтайды;

әңгімеден табиғат суреттелген бөлік пен сурет айырмашылығын сипаттайды.

Сабақ барысы

Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды «Пазл» әдісі арқылы жануарлардың(өз таңдауыңыз бойынша да алуға болады) қима суреттерін құрастыру арқылы 4 топқа біріктіреміз.

1-топ: «Қоян»

2-топ: «Тасбақа»

3-топ: «Тиін»

4-топ: «Кірпі»

Оқушылар қима суреттерді құрастырып,олар туралы өз білетіндерін айтады, топтарға бірігеді.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру

Сабақтың ортасы

1-тапсырма суретпен жұмыс

«Иллюстрациялық викторина» стратегиясы бойынша қабырғаға ілінген суреттерге шолу жасайды.(тақырыптқа сәйкес бірнеше суреттер ілуге болады)

Сабақ тақырыбына болжам жасайды. Таныс суреттердің тақырыбын анықтайды. Кірпі мен бала сурет қалады. Оқушылар бүгінгі сабақ не жайында болады деп ойлайсыңдар? (болжау)

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

(МК, ОТ, ЖЖ)Автор туралы

«Пікірлер ағашы» стратегиясымен Сапарғали Бегалин туралы не білетінін ағащқа жазады. (алдын ала берілген тапсырма)

1. Ол кім?

2. Қайда туған

3. Қандай қызмет атқарған?

4. Қандай шығармаларын білесің?

Толықтыру:

Сапарғали Бегалин- балалар жазушысы, ақын. (1895-1983) Шығыс Қазақстан облысында туған. Шоқан Уалиханов туралы жазған «Шоқан асулары» атты кітабы бар.

(Ұ; Т, МК) 2- тапсырма «Бағытталған оқу» әдісімен мұғалім екі азат жолды оқып береді. «Оқиғаның жалғасы қалай болады?» оқиғаны оқушылар жалғастырады. Мәтінді түсініп оқып шыққан соң төмендегі тапсырмалар орындалады.

1.Мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді, бөлікті анықтайды;

2.Мәтіндегі ақынның табиғатты суреттеген жолын табады, сурет салады;

3.Салған суреті мен әңгімеден табиғат суреттелген жолын салыстырады.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

мәтін тақырыбын біледі;

мәтінді түсініп оқиды;

мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді, бөлікті анықтайды;

әңгімеден табиғат суреттелген бөлік пен сурет ұқсастығын анықтайды;

әңгімеден табиғат суреттелген бөлік пен сурет айырмашылығын сипаттайды.

(МК, ЖЖ) 3-тапсырма «Үш қадамдық сұхбат» әдісі арқылы Есеннің іс-әрекетіне өз көзқарастарын білдіреді. Мәтінге басқалай ат қояды.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды.

( МК, Ө) 4 - тапсырма «Вендиаграмма» әдісімен сызбаны пайдаланып, оқушылар өздері куә болған немесе өз басынан өткерген оқиғалары мен әуен тыңдаған кірпіні салыстырады.

Үлгі:

1. Әуен тыңдаған кірпі-домаланып келді, әуенді тыңдады, дыбысты аңғарды, өлең ырғағын сезді.

2. Менің мысығым- теледидар алдына жатады, экранға қарайды, Том және Джеримультигін ұнатады.

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Шапалақ» әдісі арқылы бағалау

( МК, Ө) 5 - тапсырма «Қосжазба күнделігі» әдісі бойынша оқушылар мәтінге сүйене отырып дәптерге шағын әңгіме жазады. (4-5 сөйлем) Уақыт жетімділігіне қарай жазған әңгімесін оқытуға болады.

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Жұпта, топта бір – бірімен ой бөліседі, бірін-бірі тексереді.

(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

Сабақтың соңы

«Тазалық» кері байланыс: бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы