Есеннің кірпісі. 3 сынып


 Есеннің кірпісі

 Есеннің үйі зәулім ағаштарға бөленген жап- жасыл бақшаның ішінде. Желдің желпуімен сыбдырлаған жапырақтары бірін- бірі қанатымен қағып ойнағандай әсер туғызады. Кішкентай да желдің лебі шықса, күншығыс жағы жарқылдап, көлеңке жақ бет көкшіл бояуға малынып тұрғандай көркімен таңдандырады. Жаратылыстың таңғажайып құбылыстары Есеннің нәзік қиялын қозғайтын сияқты. Бақтың ішінде болсын, көшеге шықсын, күнделікті көретіні- жапырағы жайқалған, миуасы төгілген әсемдік. Есеннің асыранды кірпісі бар. Ол қараңғы түнде жайнаған электр жарығына таңырқағандай, кішкене тұмсығын шығарып қарап тұрады да, қайтадан жиырылып қалады. Есеннің «Кірпім- кірпім» деген даусы шыққанда жазылып, тұмсығын шығарып, төңірегін түрткілеп, азығын іздейді. Иесі оның азығын мұқият даярлап қойып, қозғалысын аңдиды. Биылғы қысқы іннен шыққанына кірпіге аз-ақ уақыт болды. Есен бастабында ұсақталған қант түйірлерімен дәніктірді.

 Біраздан кейін қант бермесе, өкпелегендей домаланып жатып алады да, тікенегін үрпитіп қыңырлық көрсетеді. Тілегенін бере қойса, аяғымен домалатып, аузымен тістелеп қашып, жерге жасырып, неше түрлі әрекет істейді.Есен кейде оның қылығына қызғанып қарап отырып: «тұра, тұр, өкпелемейтін тәртіпке әлі-ақ үйретермін, сені!»- деп, өтірік қабағын шытқан болады.

 

 Сапарғали Бегалин

1-қосымша

Мәтіндегі теңеу сөздер

бірін- бірі қанатымен қағып ойнағандай

нәзік қиялын қозғайтын

көкшіл бояуға малынып тұрғандай көркімен

2-қосымша

Мәтіннің негізгі бөлігі

Есеннің асыранды кірпісі бар. Ол қараңғы түнде жайнаған электр жарығына таңырқағандай, кішкене тұмсығын шығарып қарап тұрады да, қайтадан жиырылып қалады. Есеннің «Кірпім- кірпім» деген даусы шыққанда жазылып, тұмсығын шығарып, төңірегін түрткілеп, азығын іздейді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу