Бізге мектеп ережелері не үшін қажет? Біздің сынып үшін қандай ережелерді енгізуге болады? (Дүниетану, 1 сынып, I тоқсан)

 Бізге мектеп ережелері не үшін қажет? Біздің сынып үшін қандай ережелерді енгізуге болады? (Дүниетану, 1 сынып, I тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің мектебім»
Сабақтың тақырыбы: Бізге мектеп ережелері не үшін қажет? Біздің сынып үшін қандай ережелерді енгізуге болады?
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 1.1.4.4. Ұсынылған үлгі бойынша сұлба құру.
1.1.5.11. Қарым-қатынастың түрлерін білу.
1.1.5.7. Өзінің рухани, моральдық және этикалық нанымдары мен құндылықтары туралы білу.
1.4.3.1. Мектепте тәртіп ережелерін сақтау.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:
Мектеп және сыныптағы тәртіп ережелерімен танысады.
Көпшілігі:
Өз тәртіптерін құрдастарымен салыстыра біледі, топтық жұмыс ережесін сақтай алады.
Кейбір оқушылар:
Ойын барысында тәртіп ережелерінің маңызын түсініп, оның орнауына ықпал жасай алады.

Көңілді шеңбер. Оқушылар музыка әуенімен көңілді шеңберге жиналады.
Ойын «Әріптерден сөз құра» Шарты: оқушылар музыка әуенімен белгі бойынша топқа бөлінеді. Әр топ үшін қима сөздер салынған конверт беріледі. Оқушылар қима қазақша түйін сөздердің біреуін жинайды және олардың орысша, ағылшынша жазылған аудармасын тауып қояды.
ереже правило rule

-Балалар, шеңберде қалай отыру керек?-деген сұраққа өздері білетін тәртіп ережелерін айтады.
Күтілетін жауаптар:
- Шеңберде тыныш отыру керек.
- Бірімізді біріміз мұқият тыңдайық.
- Сөзді бөлмеу керек.
- Әркімнің пікіріне дұрыс көзқарас білдірейік.

(Ұ/Ж) Оқушылармен құрастырған ереженің не үшін қажет екенін талқылау.
Оқушылар өз идеяларын айту үшін сұрақтар қою:
- Ереже не үшін қажет?
Постер құру арқылы талқылау жүргізу.
Міндеттерді орындау үшін
Ереже не үшін Тәртіп сақтау үшін
қажет? Сыныптастармен жақсы
қарым-қатынаста болу үшін
Қауіпсіздікті сақтау үшін

(Ж/Қ) Сыныптағы өте маңызды бірнеше тәртіп ережелерін құрастырыңдар.
- Мектептегі қандай тәртіп ережелерін білесіңдер?
- Тәртіп ережелері не үшін қажет?
- Ереже сақталмаса не болуы мүмкін?
/Оқушылардың ойын тыңдау/
(Ұ) Сурет бойынша әңгіме.
- Суреттен оқушылардың қандай әрекетін көріп тұрсың?
- Олар мектептегі тәртіп ережесін сақтады ма?
- Сен оларға не айтар едің?
(М.Т) Мектеп – біздің ортақ үйіміз. Мектептің өз ережелері бар. Өз тәртібің үшін жауапты бол. Сонда мектепте әрқашан тәртіп болады.

(Ө) Мектепке қандай затты апаруға болмайды?

(Т/Тәж.) Оқушыларға күнделікті ұстанатын сынып ережесін құрау үшін постер жасап сынып бұрышына ілетінін хабарлау. Ережеге төмендегі сұрақтарды негізге алуды ұсыну.
/Оқушылар топпен талқылай отырып, сыныптағы тәртіп ережелерін құрастырады және қорғап, сыныппен бөліседі./
- сынып бөлмесінде қандай ережелерді сақтау керек?
- ережелер сақталып жүргеніне көз жеткізу үшін олар не істейді?
- ереже бұзатындарға не болатынын;
-«сыныптың ережелерді орындауларын бақылауға» кім жауапты?
- ереже сақталмаса не болуы мүмкін?

(Ө) Өзіңді асханада қалай ұстау қажет?

Ойын «Мектепте болады, болмайды» Шарты: Оқушыларға мектептегі оқушылардың іс-әрекеттері көрсетілген суреттер беріледі. Суреттерді тиісті қатарға ілу керектігі ескертіледі.

Болады
Болмайды .........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 975



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі