Дос болайық бәріміз! (Дүниетану, 1 сынып, I тоқсан)

 Дос болайық бәріміз! (Дүниетану, 1 сынып, I тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім
Сабақ тақырыбы: Дос болайық бәріміз!
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1.1.2.6 Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау.
1.1.2.3 Мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: «достық», «қарым-қатынас» ұғымымен танысып, оның адам өміріндегі маңызын түсінеді;

-оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін Әли мен Аяның «ДОСТЫҚ» туралы видеосын көрсетемін;
-оқушылармен бірлесе сабақ мақсаттарын анықтаймын;

-Балалар осы видеоны көргенде қандай сезімде болдыңдар?
-Қалай ойлайсыздар бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты қандай? (оқушылардың ойы тыңдалады)
«достық», «қарым-қатынас ұғымымен танысып, оның адам өміріндегі маңызын түсіну;
адамдар арасындағы әртүрлі қарым-қатынас туралы білу;
өмірде қарым қатынас ережесін қолдануға үйрену.
Оқушылар дүниетану оқулығымыздың 26 бетін ашып, мына суретке назар аударайық.

Осы суреттер қатарына тағы кімді қосасыңдар?
Сен кіммен не үшін араласасың?
Осы суретті бір сөзбен айтқанда қалай айтуға болады?

Берілген уақыт ішінде осы сызба бойынша әрбір топ мүшесі жеке, кейін топта бірлесе талқылап ортаға шығып әңгімелейді.

Енді орнында отырған оқушылар осы шыққан оқушыларды қолымыздағы бағдаршам көмегімен бағалайық.
І топ ___________________________
ІІ топ __________________________
ІІІ топ __________________________
ІV топ __________________________
V топ ___________________________

Жарайсыңдар!
Сонымен оқушылар, қарым-қатынас - бұл адамның әңгімелесуі, кездесуі және бірлесе жұмыс істеуі. Жақсы қарым-қатынас адамдардың бір-бірін дұрыс түсінуіне, достасуына көмектеседі. Қане айтып көрейікші қарым-қатынастың басқа тілдегі аудармаларын білеміз ба?
қарым-қатынас – общение – communication;
әңгімелесуші – собеседник – talker;
диалог – диалог – dialogue.

Біздің келесі тапсырмамыз берілген уақыт ішінде жұбымызбен алдымызда жатқан адасқан әріптер карточкасынан бүгінгі тақырып талабына сай келетін сөздерді құрастырып, жазып шығыңыздар.
Р А Д О Т С - Д О С Т А Р
Я Д Р Ь З У - Д Р У З Ь Я
Олай болса жұпта жұмыс істеген оқушылар бір-бірімізге қарап, қолымыздағы бағдаршам көмегімен бір-бірімізді бағалайық.

• ДОСТАР — деген сөздерді естігенде ойларыңа қандай сөздер келеді?
• ДОС → адал, мейірімді, шыншыл, қайырымды, көмектеседі, ұқыпты, жанашыр, қамқор.
• Достар тату, мейірімді болады /дружный, любезный/.
• Достар бір-біріне көмектеседі.
• Айтыңдаршы достар сөзінің ағылшын тілінде қалай айтылатынын білеміз ба?
Д О С Т А Р- Д Р У З Ь Я -F R I E N D S

Жарайсыңдар!

Оқушылар оқулығымыздың 27 бетіндегі суретке қараңыздаршы.
-Суретте олар не туралы әңгімелесіп тұр деп ойлайсыңдар?
-Қандай қарым-қатынасты дұрыс деп санайсыңдар?
-Неліктен?
-Біздің сыныпта осындай жағдайлар болды ма?
-Сыныптастармен арақатынасымыз қандай?

Олай болса, төмендегі сыныптағы қарым-қатынас ережесін бізге Әділхан оқып берсін.
Сыныптағы қарым-қатынас ережесі
-Сұхбаттасыңның сөзін бөлме, аяғына дейін тыңда.
-«Өтінемін» және «рақмет» сөздерін қолдан.
-Адамды ренжітіп алатын сөздерді айтпа.
Рақмет, Әділхан.
-Айтыңдаршы, адамды ренжітетін қандай сөздер білесіңдер?
-Осыдан былай осы сөздерді айтамыз ба?
Онда маған бүгіннен бастап ешкімді ренжітпеуге уәде бересіңдер ма?
Жарайсыңдар! онда уәде, уәде............


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 654



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?