Дене мүшелері деген не? (Дүниетану, 1 сынып, IV тоқсан)

 Дене мүшелері деген не? (Дүниетану, 1 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тағам және сусын
Сабақ тақырыбы: «Дене мүшелері деген не?»
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 1.4.5.1 Жеке бас гигиенасының пайдасы мен маңыздылығын түсіну, мысалы, қол жуу, тіс тазалау, тырнақ алу, тамақтану алдында қол жуу.
1.1.5.1 Өз көзқарасы мен пікірін қарапайым түрде білдіру
1.4.5.4 Оқу, ойын әрекетінде қауіпсіздік тәртіп ережелерін білу
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар білу керек:
Адамның дене мүшелерін ажырата білу, гигиеналық тазалық,
денсаулық күту, дене мүшелерінің қызметі
Көпшілігі: дене мүшелерін атау, білу, көрсету, ажырату.
Кейбір оқушылар: Дәрігерге қаралу, гигиеналық тазалық денсаулық сақтау үшін маңызды екенін түсіну.

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалімнің нұсқаулығымен бірнеше дене жаттығуларын орындау. Дене жаттығулырын орындау кезінде «сынып» сөзі бірге айтылғанда ғана орындау керектігін ескерту.
- Сынып оң қолыңды жоғары көтер;
- Сол қолыңды көтер;
- Оң аяғыңды көтер;
- Сынып сол аяғыңды көтер;
- Сынып қолыңды беліңе қой;
- Оңға иіл;
- Сынып солға иіл.
Сабақтың негізгі бөлімі бойынша бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу,қызығушылықтарын ояту мақсатында әр топтан бір оқушыдан төрт оқушы шығып, кеспе әріптерден «Денсаулық» сөзін құрастыру қажет.
(Ұ,Т) әр топтан бір оқушы шығып түсті кеспе әріптерден бірлесе «Денсаулық» сөзін құрастырады. Бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтап алғаннан кейін оқушылар жұптаса дене мүшелерін атайды.
(Ж) Жұппен жұмыс. Оқушылар жұптаса отырады.«Робот» ойынын жұпта орындайды.
Ол үшін оқушылар бір-біріне қарама- қарсы тұрады немесе отырады. Бір-біріне мұқият қарап, кезек бойынша дене мүшелерін атайды. Содан кейін әр оқушы өз әріптесінің нұсқауын анық орындауы тиіс. м/ы: оң қолыңды алдыға соз.
Тапсырмаларды дұрыс орындау нұсқаудың
анық берілуіне байланысты екенін ескерту.
Әр оқушы кезектесіп, екі рөлді де орындауы
қажет. Жұппен жұмыс орындап болғаннан кейін, оқулықтың 78-бетінде берілген дене мүшелерн дұрыс атай алғандықтарын тексеру және өздері білмейтін дене мүшелерінің атауларын білу мақсатында оқулықпен жұмысты орындатамын.
(Ұ) Оқулықпен жұмыс. 78-бет
Оқулықтан дене мүшелерін меңгеріп болғаннан кейін, белсенді жұмыс түрі екі топқа бөліну арқылы ұйымдастырылады. Оқушының бойына сәйкес әзірленген екі постер беріледі. Дене мүшелерінің атаулары жазылған қима қағаздарды екі топқа беремін
(ОТ) Топпен жұмыс. «Біздің ұқсастығымыз неде?» тақырыбына екі топқа бөлініп постер әзірлеу. (екі топқа бөлінген топтағы оқушылар топ арасынан бір оқушыны постерге жатқызып дене пішінін 1-топ алдынанан қарағанда, 2-топ артынынан қарап тұрған адам пішінін сызуды тапсыру)
Тақырыппен байланыстыра және дене мүшелерін және олардың қызметін есте сақтау үшін төмендегі сергіту сәтін орындатамын.
Сергіту сәті

Аяқ та екеу, қол да екеу
Көз жанары, ол да екеу
Екеу қас та,құлақ та
Жүрек жалғыз бірақта.........


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Келесі мақала жүктелуде...