«Өнімнің теориялық мүмкіндігін пайыздық көрсеткішпен есептеу» (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 «Өнімнің теориялық мүмкіндігін пайыздық көрсеткішпен есептеу» (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стехиометрия
Сабақтың тақырыбы: «Өнімнің теориялық мүмкіндігін пайыздық көрсеткішпен есептеу»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.2.3 Өнімнің теориялық мүмкіндігін пайыздық көрсеткішпен есептеу
Сабақтың мақсаттары: -оқушыарды өнімнің теориялық мүмкіндігін пайыздық көрсеткішпен есептеуді үйрету.

Оқушылармен амандасу.Оқушыларды түгелдеу.
Сыныпта ынтымақтастық орнату.
Сабақтың тақырыбын анықтау.
Кейін оқушылармен сабақ мақсатын талқылаңыз.
10.2.2.3 Өнімнің теориялық мүмкіндігін пайыздық көрсеткішпен есептеу
1.Сыныпты белсенденділігін арттыру:
Тапсырма №1
Жұппен жұмыс:
Фотосинтез - жасыл жапырақ органоидтері, яғни хлоропласт арқылы Күн сәулесі энергиясының химиялық байланыс энергиясына айналу процесі.
Фотосинтездің реакциясы:
6Н2О+6СО2=С6Н12О6+6О2
Реакция нәтижесінде 9 моль оттек түзілген болса, жұмсалған көмірқышқыл газының массасын есептеңіз.

Тапсырма №2 Жеке жұмыс.
Өндірісте аммиакты келесі реакция бойынша алады.
3H2+N2=2NH3
Осы реакцияға (қ.ж.) 56л сутек жұмсалған болса, пайда болған аммиактың массасын есептеңіз.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.
Тапсырма №3 Өндірісте өнімнің теориялық мүмкіндігін пайыздық көрсеткішпен есептеу керектігі туындайды.
(Топтық жұмыс)

1-аялдама. Алюминий зауыты.
Алюминийді өндірісте алюминий оксидін электролиздеу арқылы алады.
Сіз алюминий заводының басшысысыз. Алюминийдің теориялық мүмкіндігінен 80 пайыз шығымы болатынын біле тұрып, 2 тонна ішінде 90 % алюминий оксидінен тұратын бокситтен қандай масса алюминий алуға болатынын есептеңіз.
2-аялдама. Аммиак зауыты.
Жоғарыда аммиак алу реакциясы көрсетілген. Теориялық мүмкіндігінен 75 % шығымы болатын болса, 3 тонна аммиак алу үшін қандай көлем сутегі жұмсалады.

3-аялдама. Темір зауыты.
Темірді өндірісте темір (ІІІ) оксидін кокспен тотықсыздандыру арқылы алады.
1 тонна темір алу үшін, теориялық мүмкіндігінен 90 % шығымы болса, құрамында 10% қоспасы бар темір (ІІІ) оксидінің қандай массасы қажет.
Тапсырма 4
Оқушыларға өздеріне есеп шартын құрастыру ұсыну. Оқуылар тапсырманы орындап болған соң http://www.textfixer.com/tools/random-choice.php сайты көмегімен 3 оқушының есебін класқа ұсыну.
(уақыт жетпей қалған жағдайда үй тапсырмасы)......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 407



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі