Прокариоттық эукариоттық жасушалар 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

 Прокариоттық эукариоттық жасушалар 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық биология:
Сабақтың тақырыбы: Прокариоттық эукариоттық жасушалар 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.4.2.2 прокариот және эукариот жасушалардың құрылысын салыстыру
Сабақтың мақсаттары: Прокариоттық және эукариоттық жасушалардың құрылыс ерекшеліктерін сипаттау;
Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларын салыстыру;
прокариоттық эукариоттық жасушалары тән ағзаларға мысалдар келтіру.

Ой толғау: Тақырыптың өзектілігін ашу үшін «Барлық тірі ағзалардың жасушалары бірдей ме?» сұрағы талқыланады.
Сұрақты талдау нұсқаулығы:
1- жұпта талқылаңыз.
2- сыныппен өз ойларыңызбен бөлісіңіздер.
Бұл тапсырмадан оқушылар барлық тірі ағзалардың жасушалары бірдей емес, олар тіршілік ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болып келеді деген өқорытынды шығарады.
Бүгінгі сабақтың мақсаты жасушалар түрлеріне байланысты деп, оқушылармен бірге таныстырылмның көмегімен прокариот және эукариот ұғымдарына анықтама беріп, сабақтың мақсаттарын анықтап, бағалау критерийлері таныстырылады.

Мазмұнды меңгеру: Ресурс және мазмұн арқылы саралауды қолдау үшін оқушыларға ақпарат көздері ретінде жасушалардың суреттері/ ақпарат парақшалары, таныстырылым ұсынылады. Осы ресурстармен таныса отырып, оқушыларға жасушалардың сызба/үлгі/апликациясын жасау сұралады. Бұл жұмысты топта, немесе жұпта орындатуға болады.
Нұсқаулық:
1 топ.
1. прокариоттар жасушасының үлгісін жасау
2. жасуша құрылымдарын белгілеп жазу (жасуша қабырғасы, талшық, капсула, мезосома, сақиналы ДНҚ)
3.жасуша өлшемін көрсету
2 топ.
1. эукариоттық жасуша үлгісін жасау
2. жасуша құрылымдарын белгілеп жазу (жасушалық мембрана, ядро, цитоплазма, митохондрия, рибосомалар, ЭПТ, Гольджи жиынтығы, пластидтер, ДНҚ, ядролық мембрана)
3. жасуша өлшемін көрсету
Оқушылар жасаған үлгілерін қорғайды. Эукариоттық және прокариоттық жасушалардың ерекшеліктерін атап көрсетеді.
Оқушылар өзге топтардың жұмыстарын бағалайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 635



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады