Мұхиттар мен құрлықтар (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)

 Мұхиттар мен құрлықтар (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
Сабақ тақырыбы: Мұхиттар мен құрлықтар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.1.1.2 Мұғалім сұрағына байланысты, қажетті ақпаратты дереккөздерден таба білу;
2.3.2.1 Әлем картасынан мұхиттар мен материктерді көрсету.
Сабақ мақсаттары: Мұхиттар мен материктердің атауын білу және картадан көрсету.

Оқушылар шеңберге жиналып «Материктер мен құрлықтар» мультфильмін тамашалайды.


Мультфильм желісі бойынша не көргендерін ортаға салып, пікірлеседі.
(Ұ) Оқушыларға шетелдік оқушылардың қандай құрлықта немесе қандай мұхиттың аралдарында тұратыны, олар тұратын елдің немесе аралдың аттары көрсетілген тізімі беріледі.
(Ұ) Әлем картасынан материктер мен мұхиттар көрсетіледі.

(Т) Әр топ шетелдік турист оқушылар болып өз елдерін таныстыруы қажет. Ол үшін әр топтан бір оқушы қоржындағы нөмірленген асықтардан алады. Өздері алған асықтың нөміріне сәйкес нөмірленген құрлықпен таныстырады. Құрлықтар туралы ақпарат беретін тақтаға ілінген суреттерден өздеріне қажеттісін таңдап алады.
«Мен ізкесушімін» ойынына тарту. Сынып екі топқа бөлінеді. Әрбір топқа алты шетелдік оқушылар мен олардың елдерінің атауынан тұратын тізім беріледі.
Әр топ А тобынан бастап кезекпен сөйлейді.
А тобы оқушыларының бірі: «Мен ізкесушілікпен айналысамын және әрпінен басталатын елді жасырын бақылап жүрмін» деп өз тізіміндегі бір елдің бірінші әрпін қосады.
Б тобы осы әріптен басталатын елді картадан тауып, оның атын атауы тиіс. Елді анықтаған кезде, сондай-ақ олар орналасқан құрлықты немесе мұхитты анықтау қажет.
Оқушылар тізіммен жұмыс істегеніне қарай олар әлемнің контур картасында құрлықтардың немесе мұхиттардың атауларын белгілейді. Тақтадағы елдердің, құрлықтардың, мұхиттардың атаулары бар бағандарды толтырып, кестені аяқтайды.
(Қ) Оқушыларға картасынан мұхиттар мен материктердің атауын жазу ұсынылады.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 286



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!