👈 қаріп өлшемі 👉

Су әуендері 1-сабақ (Музыка, 3 сынып, IV тоқсан)

 Су әуендері 1-сабақ (Музыка, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Су әуендері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.3.1 - музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау және оларды орындауда қолдану
3.1.2.1 - көркем образдарды аша отырып,түрлі сипатты әндерді орындау
3.1.2.2. – әнді негізгі дирижерлық қимылдар көмегімен орындау
Сабақ мақсаттары: • «Жаңбыр музыкасы» композициясын тыңдау және талдау;
• Рейнстик - «Жаңбыр таяқшасы» музыкалық аспабын жасау;
• Өз жұмыстарын таныстыру және бағалау;
• Б.Бейсенованың «Жау,жау жаңбыр» әнін үйрену және караокеге қосылып орындау.
• Әнді дирижерлық қимылдар көмегімен орындау.

Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға «Жаңбыр» ойынын ойнату
Алдымен алақанмен, сосан саусақтың ұшымен, кейін санға шапалақ соғу арқылы жаңбырдың дыбысын көрсетеді.
Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
1 тапсырма. Тыңдау және талдау.
«Жаңбыр музыкасы» композициясын тыңдату.
Сұрақтарға жауап беріңіз:

- Музыка сізге ұнады ма?
- Музыка сізге қандай көңіл-күй сыйлады?
- Көз алдарыңызға не елестеді?
- Музыкамен екпіні қандай?
- Қай ладта жазылған?
- Қай аспаптың дауысын естіп тұрсыздар?
- Композитор жаңбырдың әуенін жеткізу үшін қандай дыбыстық әсерлер қолданған?
- Қандай музыкалық аспаптарды естіп тұрсың?

2-тапсырма. Шығармашылық жұмыс

Топта қолда бар заттарды, яғни түрлі-түсті қағаз, фольга қағазы, күріш, клей, картон түтікшелерді қолданып «Жаңбыр таяқшасын» жасау.

Рейнстик аспабы туралы айтып кетіңіз.

3-тапсырма. Таныстыру және бағалау.
Жасаған шығармашылық жұмыстарын сынып алдында таныстыру.
Бағалау:
Топта жұмыс жасайды;
Музыкалық аспапты әсем безендіреді;
Жаңбырдың дыбысын жақсы салады;
Шығармашылығын қорғай алады......

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» “12 жастағылар үйленді”: Елдің қызу талқысына түскен ерекше ерлі-зайыптылардың кім екені белгілі болды 20.01.2022
» Тұңғыш президент – Елбасы туралы заңға өзгеріс енгізіледі 20.01.2022
» "Қазақстан халқына" қорынан қалай көмек алуға болады? Болат Жәмішев жауап береді 20.01.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы