👈 қаріп өлшемі 👉

Тәуелсіздік жылдарындағы білім мен ғылымның және мәдениеттің дамуы (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІV тоқсан)

 Тәуелсіздік жылдарындағы білім мен ғылымның және мәдениеттің дамуы (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті (1991 жылдан бүгінге күнге дейін)
Сабақ тақырыбы: Тәуелсіздік жылдарындағы білім мен ғылымның және мәдениеттің дамуы
Оқу мақсаты: 9.2.3.2 білім мен ғылымға қатысты саясатқа баға беру;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:мемлекеттің қазіргі кезеңдегі білім мен ғылымға қатысты саясатына баға береді.
(М/Б) Жаңа тақырыпты болжау мақсатында арнайы суреттер жиынтығы беріледі.Және сұрақ қойылады пікір алмасады.
Суреттерден жаңа тақырыпты қалай болжауға болады?

Жаңа сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты және бағалау критерийлері сыныпқа таныстырылады.
Сонымен қатар, сабақ бойынша оқу мақсатына жетудегі басты бірнеше сұрақтарға зерттеулер жүргізіледі.
Зерттеу сұрақтары:
• Тәуелсіздік кезеңіндегі білім мен ғылым жүйесінің даму тенденциясына қандай баға беруге болады?
• Жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасының басты философиясы қандай?
• Жаһандану жағдайындағы қазақстандық білім мен ғылымның және мәдениеттің даму тенденциялары қандай?
• Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы мәдениеттің дамуына қандай баға беруге болады?
(М) Мұғалім қысқаша шолу жасап, Тәуелсіз Қазақстанның білім мен ғылым саласына қысқаша сипаттама береді.

Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесі төмендегідей стратегиялық нысандағы құжаттармен бекітілген
 «Білім туралы» Заң (1999 жыл),
 «Білім» мемлекеттік бағдарламасы (2000 жыл),
 «2010 жылға дейінгі білімді дамыту стратегиясы» (2001 жыл),
 «2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (2004 жыл)

Көптеген жоғары білім беру мекемелері Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану міндетінен білім берудің Болондық моделін жүзеге асыруда, ол төмендегідей деңгейлерден тұрады:
- жоғары базалық білім/ жоғары арнайы білім:
- бакалавриат – «бакалавр» дәрежесін беретін жоғары білім беру бағдарламасы;
- - жоғары ғылыми-педагогикалық білім:
- магистратура – «магистр» академиялық дәрежесін беретін жоғары ғылыми-педагогикалық бағдарлама; -
- докторантура PhD – бұрынғы ғылыми-зерттеу кадрларын даярлау жүйесінің орнын басатын бағдарлама

(Т) Бағалау критерийлері бойынша тапсырмалар кезеңі.
• Сіздерге түсіндірілген ақпараттар мен өз 9-сынып Қазақстан тарихы оқулығының мәліметтері және өз академиялық білімдеріңізге сүйене отырып, білім саласы, реформа, оптимизация, Болонья конвенциясы, жаңартылған мазмұндағы білім беру, функционалдық сауаттылық, критикалық ойлау және конструктивті пікір терминдеріне кестеге түсініктемесін жазыңыздар. .....

Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Баспана бағасы тағы қымбаттай ма - сарапшылар болжамы 12.10.2021, 0
» Жастарға баспана: жеңілдетілген бағдарлама шарттары айтылды 09.10.2021, 0
» Түркиямен байерлік бизнеске алданған әйелдер, қазақстандық жұлдыздардың жарнамасы және заңгердің жанайқайы 07.10.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы