👈 қаріп өлшемі 👉

Көшпелі мал шаруашылығы неліктен шаруашылықтың негізгі түріне айналды? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

 Көшпелі мал шаруашылығы неліктен шаруашылықтың негізгі түріне айналды? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2А Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат)
Сабақтың тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығы неліктен шаруашылықтың негізгі түріне айналды?
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 5.4.1.2 – көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру
5.2.2.6 – көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу
Сабақтың мақсаттары: Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу.
Б Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды 4 топқа түстерді таңдату арқылы бөлу. Яғни, түрлі – түсті қағаздар тарату арқылы,
1 топ – сары түс - күзеу,
2 топ – ақ түс - қыстау,
3 топ – көк түс - көктеу,
4 топ – жасыл түс - жайлау.
Топтарға «Тарихи диктант» жаздыру арқылы өткен сабақтарда игерген білімдерін тексеру.
1 топ:
Адамзат баласы тарихының _______ үшке бөлінеді; тас ғасыры, қола дәуірі, темір дәуірі. Тас құралдарының пайдаланылған кезеңі – _________, қола құралдары ________ енген кезең – қола дәуірі. Адам баласы темірді ойлап тауып, одан _________ жасаған. кезеңді темір дәуірі деп атаймыз. Біздің еліміздің тарихында ____________б.з.б. 8 ғасырдан б.з-дың 5ғасырына дейінгі аралықты қамтиды.
2 топ:
Темір дәуірінде Қазақстан жерін _____ , ______ қаңлы, ғұн, сармат сияқты тайпалық одақтар мекендеген. Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өндірісте____________ пайдалануына және көшпелі мал шаруашылығының. дамуына байланысты б.з.б. 8 ғасыр көптеген тайпалар үшін темірді ашу және _______ кезеңі болды. Сонымен қатар, сыртқы жаудан қорғану үшін де темір ____________ жасауда да қолданысқа ие болды. Ерте темір дәуірінде қазақ жерін мекендеген тайпалар мыңдаған ____________ескерткіштер қалдырды.
3 топ:
Темірден жасалған құралдар тас және қоладан жасалған құралдарға қарағанда әлдеқайда __________, төзімді болып келеді. Темірді ертеде «Аспан тасы» не «Жұлдыз тасы» деп атаған. Темір дәуірі 2 кезеңге бөлінеді: _________ темір дәуірі – б.з.б. VIII-III ғасырлар, __________ темір дәуірі – б.з.б. III - б.з V ғасыры . Темір ________жердің бетінде өте сирек кездеседі. Тек метеориттен пайда болған пайда болған темір ғана _________ күйінде ұшырасады.
4 топ:
Ертеде темір қарапайым тәсілмен, ___________ өндірілетін. Ол үшін тастан не шикі ___________ пеш салады. Темірді пеш-көрікпен -1530о температурада өндірген. Темір дәуірінде түсті металл қорыту, ____________ ісі жақсы дамыды. Шеберлер металл құюдың техникалық әдіс – тәсілдері арқылы бұйымдарға түрлі пішіндер бере алды. Адамдар _________ илеу мен дәнекерлеу әдісін меңгеріп, қолаға құйылған алтын ___________ пайда болды.
Тапсырма
Оқушыларға бір сөз жасырынған анаграмма беріледі. Оқушылар анаграммада берілген әріптердің бір-бірімен орындарын ауыстыру арқылы көлденең жасырынған сөздерді тауып, оларға анықтама береді.
1. Әшекей (шәйеке)
2. Сармат (рамтас)
3. Метеорит (ретотиме)
4. дәнекерлеу (кәдернелеу) .......

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» 2023 жылдан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады? 03.12.2022
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы