Географиялық нысандарды үдерістер мен құбылыстарды картадан көрсету тәсілдері (9 сынып, I тоқсан)

 Географиялық нысандарды үдерістер мен құбылыстарды картадан көрсету тәсілдері (9 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Литосфера
Сабақтың тақырыбы: Географиялық нысандарды үдерістер мен құбылыстарды картадан көрсету тәсілдері
Оқыту мақсаты: 9.2.1.1 маңызды қазақстандық географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды карталардан көрсету барысында сипаттайды
9.2.1.2 Қазақстанның географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді
Сабақтың мақсаты: Оқушылар қазақстандық географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды карталардан анықтай алады. Географиялық үдеріс пен құбылыстар бойынша картосхема/ инфографика түрінде ұсынады.
Сәлемдесу. Сынып ахуалымен танысу.
Оқушылар сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, бағалау критерийлерімен, жоспарымен танысады.
Ой шақыру: Сыныпқа «Деректер. Ауа райының сирек құбылыстары» тақырыбында видео фильм көрсетіледі.
(С) Сұрақ:
1.Сіз бұл құбылыстар туралы білетін бе едіңіз?
2. Тағы қандай географиялық құбылыстар туралы білесіз?
(М) Мұғалім оқушылардың нысан, үдеріс, құбылыс ұғымдарын еске түсіру мақсатында географиялық нысандар, географиялық үдерістер, географиялық құбылыстардың тізімін береді.
(Ж) ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫС. Оқушылар берілген тізімді пайдаланып географиялық үдерістер мен географиялық құбылыстарды сәйкестендіріп, қорытынды жасайды.
(Ж) Ой талқы. Жеке немесе жұппен ауызша орындатуға болады. Мұғалім 1,2 нұсқадағы талқылау тапсырмаларын үлестіреді.
Сынып 5 топқа бөлінеді. Әр бір топ таңдалған аймақ бойынша Қазақстанның физикалық картасын пайдаланып географиялық нысандар номенклатурасын (таулар, жазықтар, шөлдер, өзендер, көлдер) құрастырады.
1-топ.Батыс Қазақстан
2-топ.Шығыс Қазақстан
3-топ.Солтүстік Қазақстан
4-топ.Оңтүстік Қазақстан
5-топ.Орталық Қазақстан
(ҚБ) Топтық жұмыс. Мұғалім алдын ала дайындалған мәтінді ұсына алады.Оқушыларға жоспар, инфографика талаптарын түсіндіреді.Оқушыларды 5 топқа бөледі.
1-топ . Жер сілкінісі
2-топ. Көктайғақ
3-топ.Үсік
4-топ. Шаңды дауыл
5-топ.Аңызақ
Жоспар:
1.Берілген құбылыс/үдерістің анықтамасы
2.Таралу аймақтарын картада белгілеу
3.Салдары (2-3 мысал)
4.Жадынама жасау
Инфографика жасауда қойылатын талаптар:
1. Мазмұнды болу;
2. Ұқыпты, таза жасау;
3. Көп сөз, мәтін қолданбау керек;
4. Құбылыстар, үдерістер, нысандарды сурет,сызба, диаграмма арқылы көрсету;
3-тапсырма. Берілген мәтінді және ғаламторды пайдаланып географиялық құбылыстар бойынша инфографика жасаңыз. (Егер де мүмкіндік болса www.easel.ly сайтында жасауға болады)
Дескриптор:
- Берілген құбылыстың анықтамасын сипаттайды;
- Географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстар болатын аймақтарды карталардан анықтайды;
- Географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстардың салдарын 2-3 мысалмен талдайды;
- Географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстардан алдын ала сақтану жолдарын ұсынады;.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 585



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі