Дүниежүзілік шаруашылықтың салалары ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп (7 сынып, IV тоқсан)

 Дүниежүзілік шаруашылықтың салалары ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп (7 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Сабақ тарауы: Экономикалық география
Сабақ тақырыбы: Дүниежүзілік шаруашылықтың салалары ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп
Оқу мақсаты: 7.5.3.1 шаруашылық салаларын жіктеу арқылы (ауыл шаруашылық, өнеркәсіп), маңыздылығын түсіндіреді
7.2.2.1 географиялық нысандарды топтастырып кесте түрінде көрсетеді
7.2.1.2 географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді
7.1.1.3 географиялық дереккөздермен (карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар) жұмыс істейді.
1.Сәлемдесу
2.Балаларды түгендеу.
Оқушылардың таныстығын білу мақсатында мынадай сұрақтар қойылады:
(С)Талқылаңыз:
Ауыл шаруашылығы дегеніміз не?
Ауыл шаруашылығы түрлерін атаңыздар.
Қандай өсімдік шаруашылығы түрлерін білеміз?
Қандай мал шаруашылығы түрлерін білеміз?
Осы сөздер мен сұрақтар бойынша оқушылар өздері жеке білгендерін дәптерлеріне жазады. Сосын топқа салады. Топта жиналған барлық ойларды бір оқушы сыныпқа ортаға салады.
Оқушылардан бүгінгі сабақ мақсаты сұралады. Қандай тақырып болуы мүмкіндігі анықталады. Тарау мазмұнына қатысты қазақша-орысша терминдермен таныстырады.
С) 3 Бейнефильмді тамашалайды, көріп отырып тірек сөздерді дәптерлеріне жазып отырады. Тамашалап болған соң әр бейнефильм бойынша 3 сөйлем құрастырады. Жазып болған соң оқиды, талқылайды, өз ойларын білдіреді.
«Ауыл шаруашылығы» және «Өнеркәсіп» жаңа тақырыпты, сабақты түсіндіру балалармен арада сұрақ-жауап, түсіндіру, дискуссия түрінде түсіндіріледі. Қажетті ақпараттарды дәптерлеріне жазып отырады.
Оқушыларға 3 бөліктен тұратын мәтін беріледі. Әрбір қатар бойынша мәтіндерді бөліп алып, 1 мәтінді оқиды, оқып болған соң сыныпқа талқылайды.Өз ойларымен бөліседі.
«Ауыл шаруашылығы» жаңа тақырыпқа қатысты оқушыларға жеке тапсырмалар таратылады. Атлас – картаны және мәтіндерді пайдалана отырып, тапсырманы жеке орындайды. Болған соң интерактивті тақтадан тапсырма жауаптары беріледі. Оқушының жұмысын жанындағы көршісі қызыл қаламмен бағалайды. Қаншалықты дұрыстығы анықталады.
Оқушыларға жұптық тапсырмалар таратылады. Атлас – картаны және мәтіндерді пайдалана отырып, тапсырманы жұппен ақылдасып орындайды. Қаншалықты дұрыстығы анықталып, тексеріледі. Егер үлгермеген жағдайда үй жұмысы ретінде алуға болады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 580



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!