Абай – ақылдың ақыны (6 сынып, II тоқсан )

 Абай – ақылдың ақыны (6 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Абайды оқы, таңырқа!
Сабақтың тақырыбы: Абай – ақылдың ақыны
Оқу бағдарламасына сілтеме: 6.2.4.1.- әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар орындай алады:
Шығармада көтерілген мәселені анықтайды, хат құрылымын сақтап жазады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Шығармада көтерілген мәселені анықтап, көзқарасын білдіреді. Хат құрылымын сақтап жазады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Шығармада көтерілген мәселені анықтап, көзқарасын білдіреді. Көркемдегіш құралдарды қолданып, хат құрылымын сақтап жазады.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
«Жорға сұрақтар»
1. Абай қай жылы туылған? (1845 жылы)
2. Абайдың шын есімі кім? (Ибраһим)
3. «Абай » деген сөздің мағынасы нені білдіреді? (мұқият, ұқыпты, зерек)
4. Абайға екінші атты берген кімдер? (анасы мен әжесі)
5. Абайдың поэзияға деген қызығушылығын оятқан кім? (әжесі Зере)
6. Абай ана тілінен басқа қандай тілдерді білген? (араб, парсы, орыс)
7. Абай Семейге оқуға неше жасында барады? (10)
8. Абай қай жылы дүние салды? (1904 жылы)
9. Абай туралы әйгілі шығарма қалай аталады? («Абай жолы» романы)
10. «Абай жолы» романының авторы кім? (М.Әуезов)
Оқу мақсаты, бағалау критерийлерін, құндылықтарды таныстыру, талқылау.
Қызығушылықты ояту
— Қалай ойлайсыңдар, адам не себепті ақындықпен, жазушылықпен айналысады?
Мағынаны тану
Ж-ЖЖ. Оқушыларға Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңіне байланысты мәтін таратылады. Оқушылар мәтінді жеке оқып, жұпта әңгімелейді.
Сұрақ
— Автор өлеңде қандай мәселені сөз етеді?
1.Т. Түсіндірме кестесімен жұмыс. Оқушылар топта автордың ақын мен оқырманға қоятын бір талабын таңдап, талдайды.
Өлеңнен үзінді Автордың ақынға қоятын талабы Автордың оқырман ға қоятын талабы Менің ойым
Дескриптор:
Автордың ақынға қойған талабын анықтайды;
Автордың оқырманға қойған талабын анықтайды;
Өз көзқарасын білдіреді.
Бағалау: Бас бармақ әдісі.
Сергіту сәті: Дене жаттығуы (2 минут)
2.Ж. Автор өзінің өлең жазудағы мақсатын «Жаздым үлгі жастарға бермек үшін» деп өзі көрсеткендей, сендер ұлы ақынның өлеңінен қандай үлгі алдыңдар? Өлең мазмұнынан мысалдар келтіре отырып, көркемдегіш құралдарды қолданып, авторға хат жазыңдар.
Дескриптор:
Хат құрылымын сақтайды;
Көркемдегіш құралдарды қолданады;
Сөз саны – 80-100.
Оқушылар авторға жазған хаттарын жұпта, топта оқиды.
Әр топтан үздік деп танылған 1-2 хатты оқушылар сыныпта «Автор орындығында» отырып оқиды.
Бағалау: Оқушылар жұмыстарды дескриптор бойынша бағалайды.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Н. Ә. Назарбаев: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс».....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 058



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?