4-сабақ Ғарышты игеру жетістіктері (8 сынып, II тоқсан )

 4-сабақ Ғарышты игеру жетістіктері (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: 4-сабақ Ғарышты игеру жетістіктері
Оқу бағдарламасына сілтеме: Ж2. Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру.

Оқу мақсаттары:
8.3.2.1 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, аннотация, тезис құрастырып жазу.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылықты ояту
«Бір сөзбен айтқанда....» әдісі
Оқушыларға ғарыш саласына байланысты қызықты мәліметтер беріледі. Оқушылар мәліметті бір сөзбен не сөз тіркесімен жеткізу керек. Оқушының қалауы бойынша жауаптары тыңдалады.
Оқу мақсатымен таныстыру. Оқушылар топта оқу мақсатын талқылайды.
«Себебі...» әдісі
Оқу мақсаты бізге түсінікті, себебі...
Оқу мақсатын түсіну үшін бізге көмек керек, себебі...
Оқушылардың жауабы тыңдалады. Оқу мақсатын түсіну үшін бір-біріне көмектеседі.
Бағалау критерийімен таныстыру.
Топқа бөлу. «Өз қалауың, бірақ 6-дан аспасын» әдісі.
Оқушылар өз қалауымен топтарға бөлінеді. Топтағы оқушы саны алтыдан артық болмау керек.
Топқа бөлінген соң оқушылар сыныптағы аннотация, тезис туралы жазылған анықтама бұрышымен танысады. Үйде орындап келген тапсырмасымен салыстырады, толықтырады.
Мағынаны ажырату
Ойқозғау.
Жазылым алды тапсырмасы
Оқушылар топта публицистикалық және ғылыми стильдің ерекшеліктерін еске түсіреді. А3 форматына жазады. Сосын оқушылар жұптасады. Жұпта берілген сөздер мен сөз тіркестерінің қай стильге тән екенін көрсетеді.
Тапсырма
Т/ЖЖ
1. Публицистикалық және ғылыми стильдің ерекшеліктерін еске түсіріңіздер, А парағына жазыңыз (Т) Орындау уақыты
2. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің қай стильге жататынын бөліп көрсетіңіз.(ЖЖ)
Бағалау критерийі:
1. Публицистикалық, ғылыми стильдің ерекшеліктерін біледі
2. Стильге сай тіл құралдарын ажыратады
Смайлик арқылы бағалау.
Мұғалім оқушы жауаптарын аралап жүріп, смайлик жапсыру арқылы бағалайды.
Жазылым тапсырмасы.
ҚБ
Оқушылар сынып болып сұрақтарға жауап береді. Оқушы жауаптарын жетелеу сұрақтары арқылы толықтырып отыру керек.
Еске түсірейік!
1. Аннотация деген не? Ол қалай жазылады?
2. Тезис деген не? Ол қалай жазылады?
3. Аннотация мен тезистің айырмашылығы неде ұқсастығы неде?
Оқушылар аннотация және тезис туралы ақпаратты еске түсіріп болған соң, жазылым тапсырмасын жеке орындайды. Екі тапсырманың бірін таңдап жазады.
Тапсырма.1
1. «Қазыбек бидің тікелей ұрпағы ғарышкер Тоқтар Әубәкіров» тақырыбындағы мақаланың жанрын, стилін анықтаңыз.
2. Публицистикалық стильге тән сөздерді анықтап, астын сызыңыз.
3. « Қазыбек бидің тікелей ұрпағы ғарышкер Тоқтар Әубәкіров» тақырыбындағы мақала үзіндісінің аннотациясын жазыңыз. Жазу барысында асты сызылған сөздерді орынды қолданып жазыңыз.
Мәтіннің жанры....,себебі......
Мәтіннің стилі...., себебі.....
«Қазыбек бидің тікелей ұрпағы ғарышкер Тоқтар Әубәкіров» тақырыбындағы мақала үзіндісінің аннотациясы.
_________________________
Тапсырма2
1. «Күн жүйесі» тақырыбында жазылған баяндаманың жанрын, стилін анықтаңыз.
2. Ғылыми стильге тән сөздерді анықтап, астын сызыңыз.
3. «Күн жүйесі» тақырыбында жазылған баяндаманың тезисін жазыңыз. Жазу барысында асты сызылған сөздерді орынды қолданып жазыңыз.
Мәтіннің жанры....,себебі......
Мәтіннің стилі...., себебі.....
«Күн жүйесі» тақырыбындағы баяндаманың тезисі.
______________________________
Бағалау критерийі:
1. Жанр мен стиль туралы түсінігі бар
2. Стиль мен жанрына сай тілдік құралдарды қолданады
3. Мәтіннің аннотациясын, тезисін жазады
Жазылымнан кейінгі тапсырма
Бағалау. Жұпаралық бағалау. Оқушылар жұмыстарын көршісіне береді, бағалау критерийі бойынша бағалап шығады. Тапсырманың орындалуына өздерінің көзқарасын білдіреді.
Кері байланыс. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 425



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!