Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Мамығын төгіп қаз бен қу) » ZHARAR © 2017 | ақтан керейұлы Мамығын төгіп қаз бен қу өлең стихи на казахском актан керейулы казакша олен, ақтан керейұлы өлеңдері, стихи на казахском языке актан керейулы, актан керейулы олендери, Мамығын төгіп қаз бен қу




  • »

Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Мамығын төгіп қаз бен қу)

Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Мамығын төгіп қаз бен қу) казакша Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Мамығын төгіп қаз бен қу) на казахском языке

Мамығын төгіп қаз бен қу,
Көлге мекен ете алмас
Ақсұңқар құстың зарпынан.
Азамат ердің баласы.
Пәмді басын ете алмас,
Шетке кетсе халқынан.
Ер жігіт шауып шеп бұзбас,
Айқайлап ұран шаппаса,
Аламаны шулап артынан.
Шешендер сөйлер топ жарып,
Сары бір қолдың самсынан.
Жақсылық алар әркімдер
Жауаптың келген парқынан.
Келтірер ұят бетіне,
Сөйлесе күмән балшыдан.
Адал жүріп, шын сөйле,
Асығың түсер алшыдан.
Мақтанғанмен аса алмас,
Кем болса қатар, шарқынан.
Сұрағанмен алмассың,
Көп қазғанмен қанбассың
Қайырсыз сараң таңқыдан.
Мәжіліске келген соң,
Тартпайым басым шаршыдан.
Бұл мәжіліс белгісі -
Жиналып басың құралмақ,
Батырлықтың белгісі -
Жауға шапқан ұрандап.
Палуандықтың белгісі -
Алқаға түсіп сыбанбақ.
Шешендіктің белгісі -
Халық жиналған алқада
Дұрыстап жауап шығармақ.
Жүйріктіктің белгісі -
Бәйгеге қосқан тұмарлап,
Жігіттіктің белгісі -
Бедеу мініп астына,
Жиынға түскен бұлаңдап.
Сұлулықтың белгісі -
Жұрт жиналған алқада
Көрініске шыққан қылаңдап.
Кәріліктің белгісі -
Көңілдің хошы келмеген.
Жарлылықтың белгісі -
Жанын қинап өлмеген.
Жалғыздықтың белгісі -
Өзіне өзі сенбеген.
Палуандықтың белгісі -
Өнермен өрге өрлеген,
Сақилықтың белгісі -
Халықтың қамын көздеген.
Әкімдіктің белгісі -
Тентекті жиып жөндеген.
Қаттылықтың белгісі -
Халықтың көңілің көрмеген.
Жамандықтың белгісі -
Қаумаға басы енбеген.
Төреліктің белгісі -
Аяғын басып жүрмеген.
Сұлулықтың белгісі -
Көргендер аңсап шөлдеген.
Жігіттіктің белгісі -
Мезгілсіз жүрген көлденең.
Екіталай болғанда,
Айқын жүйрік терлеген.
Кейбір жаман жыршылар
Әншейінде ақтарып,
Сатып жүр жырын теңгеден.
Менің сөзім аяусыз
Аға менен жеңгеден.
Құлақ қойып тыңдасаң,
Зейін қойып тыңбасаң.
Менің сөзім қошемет,
Көңіліңді делбеген.
Билік пенен жыр басқа,
Өнердің түрі әр басқа,
Ортаға сөзді салайын,
Сағыңыз бізден сынбасқа.
Жігіттің қайтар базары,
Өнерін білген бұлданып,
Шығарып тұрса қымбатқа,
Арзан сөзден ала бер,
Дүния шіркін жолдас па?!
Мысал етіп толғайын,
Жаманға айтсаң бір сөзді,
Келмейді сөзің татымға.
Жақсылығың жамандық,
Үлкейіп шығады басымға.
Жақсы сөзбен жай айтып,
Мейманды үйден қашырма.
Сөйлес десе қонағың,
Үйде отырып айқайлап:
«Не сұрайсың» айтынба.
Барым деп берсең, ол қонақ
Риза болад шай - суға.
Түсінгенге сөздерім,
Құлағына хат болар.
Түсінбейтін жаманға,
Мал қимайтын сараңға
Айтқаның мен айтпаған
Бәрі бірдей сап болар.
Кейбір, кейбір жамандар,
Мал қимайтын сараңдар
Жыршыменен қас болар.
Зәресі шығып жыршыдан,
Үндеместен тас болар.
Ақ, қараны айырған
Қағазға жазған хат болар.
Шешендерді сынаған
Тізелескен дау болар.
Ер жігітті сынаған
Қарсы шапқан жау болар.
Кейбір, кейбір жамандар
Тақылдатар таңдайын,
Қыламын деп мал жайын.
Қайдан білсін о қонақ
Ол кісінің қандайын.
Ер жігітті білгесін,
Көп дәметер сауыр деп.
Қонақ іздеп қонады,
Аты шыққан ауыл деп.
Көп аралап жүргесін,
Сол мінезді білгесін,
Сүйкенбейтін әркімге,
Қарап жүрген тәуір деп.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 61
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .