Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Айт, десеңіз, жарандар) » ZHARAR © 2017 | ақтан керейұлы Айт десеңіз жарандар өлең стихи на казахском актан керейулы казакша олен, ақтан керейұлы өлеңдері, стихи на казахском языке актан керейулы, актан керейулы олендери, Айт десеңіз жарандар




  • »

Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Айт, десеңіз, жарандар)

Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Айт, десеңіз, жарандар) казакша Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Айт, десеңіз, жарандар) на казахском языке

Айт, десеңіз, жарандар,
Азырақ жауап бастайын.
Айт дегенде іркіліп,
Бойымды балап тартпайын.
Парасатсыз жамандай
Жүрексініп саспайын.
Алысқа шапқан жүйріктей
Аяқты жайлап тастайын.
Қалағаның біз болсақ.
Сұрағаның сөз болса.
Қатты жауған жаңбырдай
Алдарыңда қаптайын.
Мәжіліске келген соң,
Тәңірім жел сөз берген соң,
Атасы арзан дегенмен,
Сіздерге бұлдап сатпайын.
Атасы арзан дегенмен,
Өздеріңдей жақсы болмаса,
Бостан -босқа айқайлап,
Құр далаға шашпайын.
Айт деп бізге үлкендер,
Қаумалап қызық құралды - ай.
Іркілейін несіне,
Болған соң басым базарда - ай.
Мәжіліс құрған алқаны
Жүрмесем де таба алмай,
Осы отырған әлеумет,
Басымды салып базарға - ай,
Айт дегенде бұлдансам,
Болам ба мұнан ажарлы - ай?!
Жан барында жайнайын,
Тіл барында сайрайын.
Әзірейіл құрық салған күн,
Қаумалаған ағайын,
Қаларсың бір күн таба алмай.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 228
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .