Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Белгісі) » ZHARAR © 2016 | ақтан керейұлы Белгісі өлең стихи на казахском актан керейулы казакша олен, ақтан керейұлы өлеңдері, стихи на казахском языке актан керейулы, актан керейулы олендери, Белгісі




  • »

Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Белгісі)

Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Белгісі) казакша Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Белгісі) на казахском языке

Бұл мәжіліс белгісі –
Жиналып басың құралмақ.
Батырлықтың белгісі –
Жауға шапқан ұрандап.
Палуандықтың белгісі –
Алқаға түсіп сыбанбақ.
Шешендіктің белгісі –
Халық жиналған алқада
Дұрыстап жауап шығармақ.
Жүйріктіктің белгісі –
Бәйгеге қосқан тұмарлап.
Жігіттіктің белігісі –
Бедеу мініп астына,
Жиынға түскен бұлаңдап.
Сұлулықтың белгісі –
Жұрт жиналған алқада
Көрініске шыққан қылаңдап.
Құр мал баққанмен қумаңдап.
Сөз баққанмен сумаңдап,
Сөйлемейік суаңдап,
Әзірейіл кұрық салған күн
Қалармыз бір күн тыраңдап.
Ақ кіреуке бөз орап,
Әркімдер жуар құманды ап.
Бұл дүнненің мысалы
Бір айдын көл шалқыған,
Ақыры бір күн суалмақ.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 40
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .