Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Сайрам) » ZHARAR © 2016 | қайсар қауымбек Сайрам өлең стихи на казахском кайсар кауымбек казакша олен, қайсар қауымбек өлеңдері сайты, стихи на казахском языке кайсар кауымбек, кайсар кауымбек олендери, Сайрам




  • »

Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Сайрам)

Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Сайрам) казакша Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Сайрам) на казахском языке

Тентек жел кәрі шыңды масқара қып,
Жаулығын төбесінен қашқан алып.
Сол сәтте жер бетіне түседі екен
Көгілдір аспан ағып.
Көсілген көкжиекті көрпе қылып,
Күңіреніп жатырмысың тербетіліп?!
Толқыны толағай бір ғасырлардың
Тұрғандай сенде тұнып.
Әлдебір алып күшпен
Көк-жасыл жаралдың ба жарық түстен?!
Ғарыштан көк тәңірдің қасіреті
Көктемнің көз жасындай ағып түскен.
Бір түйір тамшыңнан да шер төгіліп,
Толқының танытпайды ерке қылық.
Сәл терең тыныс алсаң кететіндей,
Айдының аласұра төңкеріліп.
Жазира шер-мұңыңмен,
Жанарда тұнған мұңды мөлдіріңмен.
Жатырсың күте-күте көк аспаннан,
Ғашығың келетіндей телміреумен.
Жап-жасыл жанарыңнан сағым ұшқан,
Бұрқанып кезің де жоқ алып-ұшқан.
Көгілдір мен де өзіңдей көктем едім,
Сарғайып кеткем сондай сағыныштан.
Түйілер маңғаз таулар биік мүсін,
Алардай ақ төсіңнен сүйіп-құшып.
Пенделер, тербемеңдер, жерлемеңдер,
Тәңірдің жерге қонған сүйіктісін!

2007


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 78
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .