![]() |
|
![]() |
Жұмекен Нәжімеденов (Ұстаз)

Мұз жамылып жатпасын деп қыста мен —
жылы жел боп маңдайымнан сүйіп ең.
Бір ғажайып құзар-шыңды нұсқап ең,
Өзіміздің Алатаудай биік ол...
Сен бір үлкен өзен едің мол сулы,
толқыныңның жалы жатыр Ай қағып,
Мен — жас бұлақ, үйретіп ең толқуды,
келем әлі белгісіздеу сайда ағып.
Шомылып мөлдір өзенге,
сергіп те қап ем оянып,
жауапты бір кезеңге,
Келіп те қаппын таянып.
Ғажайып қырлар гүлденген,
қызылды-жасыл боялып.
Бояуы кеппеген күндерден,
Қуанып қалдым ой алып.
Болмайтын сынды тоқталсам,
жетпейді ақыл-қиялым:
Күйдірем нені — от болсам,
су болсам — қайда құямын?
Уақыт қуып барады —
асығып келем, асығып.
Сырыңдай мына даланың
ашылып келем, ашылып.
жылы жел боп маңдайымнан сүйіп ең.
Бір ғажайып құзар-шыңды нұсқап ең,
Өзіміздің Алатаудай биік ол...
Сен бір үлкен өзен едің мол сулы,
толқыныңның жалы жатыр Ай қағып,
Мен — жас бұлақ, үйретіп ең толқуды,
келем әлі белгісіздеу сайда ағып.
Шомылып мөлдір өзенге,
сергіп те қап ем оянып,
жауапты бір кезеңге,
Келіп те қаппын таянып.
Ғажайып қырлар гүлденген,
қызылды-жасыл боялып.
Бояуы кеппеген күндерден,
Қуанып қалдым ой алып.
Болмайтын сынды тоқталсам,
жетпейді ақыл-қиялым:
Күйдірем нені — от болсам,
су болсам — қайда құямын?
Уақыт қуып барады —
асығып келем, асығып.
Сырыңдай мына даланың
ашылып келем, ашылып.
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022
Ілмектер: мұғалім туралы өлең шумақтар, ұстаз туралы өлең, жұмекен нәжімеденов өлең Ұстаз олен жумекен нажимеденов стихи на казахском, жұмекен нәжімеденов өлеңдері, жумекен нажимеденов стихи на казахском олендери