» » » Өлең: Фариза Оңғарсынова (Оғыланды)

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Оғыланды)

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Оғыланды) казакша Өлең: Фариза Оңғарсынова (Оғыланды) на казахском языке
Адасып келем,
дала асып келем елсізде
түн менен ойға қамалып,
Жусан иісінен нәр алып.
Жұлдыздар көктен қарайды самсап қадалып.
Алдымда тұтас көкжиек құшып тау жатыр
ықтын болардай жолаушы жетсе жаны арып.
Ойымша – сонда маған да пана болатын жылы бір ұя бары анық.

Құлама құзы – тайғанақ,
тәубаға келдім – қарап ем,
қатерін төгіп тұрғандай маған бар әлем.
Қастерлі тауда қасиет бардай жарылқар
шықпай жүргенді жаны әрең.
Келесің мұнда сырласу үшін сақтанбай
өзіңмен, армен, даламен.

Түн құшып жатыр бұл маң да...
Жарқ етер екен таң қашан?
Сенімсіз түнде үмітімді немен жалғасам?
Ал, менің әлі сапарым қанша алдымда,
күш құяр жанға жолымда сәуле – бар ма шам?
Әлі де біраз жолым болмайтын секілді-ау,
Оғыланды тауда бір түнеп қуат алмасам

Автор: nurgul95 | 120 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, фариза оңғарсынова Оғыланды өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Оғыланды, фариза оңғарсынова Оғыланды өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша фариза оңғарсынова өлеңдері фариза онгарсынова олендери фариза онгарсынова стихи на казахском Оғыланды, Өлең: Фариза Оңғарсынова (Оғыланды) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке