Қазақша өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Тау баурайында) » ZHARAR © 2016 | жұмекен нәжімеденов өлең Тау баурайында олен жумекен нажимеденов стихи на казахском , жұмекен нәжімеденов өлеңдері , жумекен нажимеденов стихи на казахском олендери,




  • »

Қазақша өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Тау баурайында)

Қазақша өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Тау баурайында) казакша Қазақша өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Тау баурайында) на казахском языке

Жасыл-жасыл жағалай жал,
Жағалай жал, саған айтам!
Жылан қабық шұбар шыңдар,
Сендер де тас шығарсыңдар?
Содан да даңқ-атақ үшін
құр шіреніп жатамысың?
Шұбар шыңдар!
Жағалай тал, жағалай тал, саған айтам!
Шұбар шыңның балағына
шұбар тасты ала құлап,
бұрқыраған бала-бұлақ,
Саған айтам, Саған айтам:
Мұнша екпінді қайдан алдың,
қайдан алдың — ойға қалдым.
Көк толқынның төсін көрдім:
түтінденген, секілді ол бір
жұлынған шаш кәрі бастан —
әрі өкініш, әрі дастан...
Тауды бір күш жатты тіреп,
сай күңіренді, тас тітіреп.
Тас табаны терең өткел,
бір сиқырлық — кереметпен,
буырқана тепті бұлақ
қара еменді қалтыратып...
Қара тасты қар тұратын
толқын ұрып барады айдап,
Ақ қайың тұр қара байлап.
Жағалай тал, жағалай жар,
қалды бұғып қарағайлар,
Қайтара алмай бетін бәрі —
ала бұлақ секірді әрі.
Аспан ғана жатқан үнсіз
бұл дүниенің мақтанысыз.
Ауық-ауық бұлтын іркіп,
қояды тек бүркіп-бүркіп.
Тамшыны, аспан, қайдан алдың,
қайдан алдың — ойға қалдым.
Әлде удай мас сайтан жылап —
Көз жасын сен пайдаландың?!
Жағалай жал, жағалай тал,
Жасыл әлем, саған айтам.
Қайсар бұлттар, қар жалаған,
бір жауыныңды арна маған!
Бала гүлдей құлшынайын,
Құлшынайын, бір шығайын.
Деп ем — дүние тыңдамайды,
Жылап аққан жылғадай.
бір ылай-сазды былғалаймын,
Шың басына бір қараймын,
бұлт астынан сығалаймын
күмбезіме салынбаған,
қамалыма алынбаған.
Табаным — сыз, төбемде күн,
алып қашып көбең-көңіл
біресе сәл жоғарылап,
біресе сәл төмендедім.
Ойға қарап өлең құрып,
Өрге қарап келем жүріп...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 1 183
Рейтинг:
(голосов: 4)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .