» » » Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Шаңқай түс)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Шаңқай түс)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Шаңқай түс) казакша Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Шаңқай түс) на казахском языке
Мұз боп қатқан алты ай қыс
Көл құшағын қазға ашқан.
Шағаладай шаңқай түс
Жатыр еріп жазғы аспан.
Көзге әсте шалынбай
Сиқырлы бір жаңбыр боп,
Қыстың қалған қарындай
Ериді аспан ақ нұр боп.
Жер мен көкке жағалай
Шұғыласын құйып тең,
Мархабатты анадай
Күн қарайды биіктен.
Балқытып от сезімге
Бұл дүниенің ой-қырын,
Шаңқай түстің кезінде
Сөйлейді үнсіз ойлы күн.
* * *

Он сегізде әскермін,
Ростовта келемін.
Күздің желі ұшырған
Жаздың жасыл желегін.
Көзден ұшты кешегі,
Аққу-сынды айқай жаз.
Донда толқын көшеді,
Сол толқынға айтам наз.
Дабыл жиі қағылып,
Оятады ұйқымнан.
Тек түсіме енеді,
Алыстағы үй-туған.
Аптада бір келеміз,
Қазармаға қонақтай.
Шығармақшы бізді Отан,
Шынықтырып болаттай.
* * *

Жақында жайылып жүр
Дон казагының аты.
Алыста Сыр қазағының аты,
Алыста махаббаты.
Қасымда Дон толқиды,
Алыста Сыр толқиды,
Жүректе күй әрқилы.
Жүректе жыр толқиды.
Жүземін Донға барып,
Қол созам жұлдызына.
Қазақтың сұлулары
Ұқсайды Сыр қызына.
* * *

Окоп қазып жүрдім талай,
Тынық Донның боз дөңінде.
Таңғы шапақ — нұрлы арай,
Ойнады жас көздерімде.
Алыстым жел құйынымен,
Бойда әскер бес қаруы,
Ауладым ой иірімнен,
Қөңілде Дон көшті ағыны.
Қалған сонау жайлауында,
Жас шалғынды жасыл қырдың.
Жаз желі ескен айдарынан
Түсті есіме асыл құрбым.
Жастық дәурен алдандырып,
Жүрме алаңсыз, көңілі жай.
Күтер ме екен алдан шығып,
Келем деп ем көп ұзамай.
* * *

Өзгертті соғыс өрті ауа райын,
Қарт тұрсын, шекті жылап бала уайым.
Күрсініп күнбатысқа шеру тартты,
Қалдырып қазақ жігіт Қамажайын.
Сұлудың желбіреген орамалы
Секілді жақсылықтың жорамалы.
Қамажай, қара көзден жасыңды тый,
Жан жарың жеңіспенен оралады!

Автор: ZHARAR | 1 028 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Қара түн, қалың орманда)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Қара түн, қалың орманда)
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Теке діңі)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Теке діңі)
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Жаңа туған ай)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Жаңа туған ай)
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Күзетші)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Күзетші)
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Кемпірқосақ)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Кемпірқосақ)
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Тобыл)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Тобыл)
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Ұлы жолда)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Ұлы жолда)
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Теңізде)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Теңізде)
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Жұлын көк)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Жұлын көк)
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Алма бағында)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Алма бағында)
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Қоңырау қағылды)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Қоңырау қағылды)
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Майдан түні)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Майдан түні)
Өлең: Сырбай Мәуленов (Көк аспанға көз тігіп)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Сырбай Мәуленов (Көк аспанға көз тігіп)
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Майдан жолында)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Майдан жолында)
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Сағындым)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Сағындым)
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Қарауыл төбе)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Қарауыл төбе)

KZ / Өлеңдер жинағы, сырбай мауленов Шаңқай түс өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Шаңқай түс, сырбай мауленов Шаңқай түс өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском сырбай мәуленов өлеңдері сырбай мәуленов өлеңдер жинағы сырбай мауленов олендери сырбай мауленов стихи казахском языке сырбай мәуленов олендер жинагы Шаңқай түс, Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Шаңқай түс) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке