Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Таңын сыйлар тағдырым...) » ZHARAR © 2017 | мақпал мыса Таңын сыйлар тағдырым... өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, мақпал мыса өлеңдері сайты, стихи на казахском языке макпал мыса, макпал мыса олендери, Таңын сыйлар тағдырым...




  • »

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Таңын сыйлар тағдырым...)

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Таңын сыйлар тағдырым...) казакша Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Таңын сыйлар тағдырым...) на казахском языке

Шарасына шуағы толған Ай, Күн,
Қуанышы бола біл,
болма қайғым!
Аясында Аспантау аяулы әнім,
Алыстады қыр асып жорғалай күн.

Құстар ертіп таң ұзақ құба белден,
Дүбіріме сабылып бұлақ ерген.
Маңдайыма тағдырдың жазғаны бар,
Жаны жырға ғашық боп туа келген.

Шуаққа орап жанымды жырға ғашық,
Қайран күндер барады қырдан асып.
Толқындарым толқитын кезді күттім-
Тамып түсер тамызда жылғаға шық...

Жырларымның көзінен арай көрем,
Таңын сыйлар тағдырым талай берен.
Өмір жайлы...
Бір өлең бастап қойып,
Аяқтағым келмей жүр қалайда мен...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 95
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .