Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Маусым кеші....) » ZHARAR © 2017 | мақпал мыса Маусым кеші өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, мақпал мыса өлеңдері сайты, стихи на казахском языке макпал мыса, макпал мыса олендери, Маусым кеші




  • »

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Маусым кеші....)

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Маусым кеші....) казакша Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Маусым кеші....) на казахском языке

Маусым кеші,
мазасыздау бұл маусым,
Аңсарыңыз мейір толы жырға аусын.
Аққуларым ақ сағымда адасып,
Ақша бұлттар арасында жүр даусым.

Жастығымның жалт еткенде жанары,
Құралайдың лағындаймын жаралы.
Жер бетінде жалғызсырап мен қалдым,
Көл бетінде көктем қалып барады...

Сәуір кетті,
мамыр кетті,
не дейін,
Ерке күннің елесіне ерейін.
Көкөрімін көгертуге көгімнің
Өлеңімнің бұрымдарын өрейін.

Жаһұт-жауһар жаумаса да төбемнен,
Өміріме өрнек салдым өлеңмен.
Көз алдымнан көгілдір тау көрем мен,
Көкжиегі көктем болып көгерген.

Сол маусыммен ұнатамын жазды мен,
Айдынымды аялайтын азды-кем.
Елесіңмен ғұмыр кешіп келемін,
Сағыныш боп саздан ұшты наз кілең...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 67
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .